Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » » Анам алғашында қарсылық танытты

Анам алғашында қарсылық танытты

Бокстан Қазақстан ұлттық құрамасының мүшесі, өткен жылғы ел чемпионы Қазақстанның V жазғы спартакиадасының чемпионы, жерлесіміз Ақерке Бақытжан жуырда ғана Қазақстан Республикасының спорт шебері атағын иеленді. Былғары қолғапты жанына серік етіп, биік тұғырдан көрініп жүрген бойжеткенді жетістігімен құттықтап, әңгімеге тартқан едік.

– Ақерке, спортқа қалай келдіңіз? Неге боксты таңдадыңыз?
– Спортшы болу ойымда болмаған. Боксқа аяқ астынан келдім. 18 жасымда дос қызыммен артық салмақтан арылу мақсатында Қазалы қаласындағы №17 спорт мектебіне бардық. Сол жерде боксқа қатысып жүрген жасөспірімдерді көріп, қызығушылығым оянды. Бапкерім Қазақстан Республикасына еңбегі сіңген жаттықтырушы Бақытбек Құлбаев. Менің спорт әлемінде үлкен жетістікке жетуіме себепкер жаттықтырушыма айтар алғысым шексіз.
– Бұл жөнінде ата-анаңыздың көзқарасы қалай болды?
– Алғашында анам қарсылық танытты. «Баланың бетін қақпа, белін бу. Барсын деп, әкем менің талабымды қолдады. Сонан соң анам да түсіністік танытты. Қазір отбасым жетістігіме қуанып, маған күш-жігер беріп отырады.
– Ең алғаш жеңіске жеткен кездегі әсеріңіз...
– Алғашқы қадамымды Атырау қаласында өткен ересектер арасындағы Қазақстан чемпионатына қатысып, үшінші орын алдым. Үшінші орын тұғырында тұрғанда әрине қуандым, бірақ іштей «Қашан бірінші орын аламын» деген ой қатты мазалағаны бар.
– Шет мемлекеттерде жиі боласыз. Табиғаты мен мәдениеті жағынан қай ел ерекше әсер қалдырды?
– Көптеген жерге табаным тиді. Польша мен Түркия елі ұнады. Өте таза әрі халқы мәдениетті. Табиғаты тіптен ерекше. Әр қиыр өзінше жұмбақ әлем.
– Туған тілден бөлек қайсысын білесіз?
– Орыс тілін жақсы меңгергенмін. Ағылшын тілін үйреніп жүрмін. Дүбірлі додаларда негізі үнемі аудармашы жанымызда болады.
– Ең қиын қарсыласыңыз кім болды?
– Барлық қарсыласты сыйлаймын. Бәрі еңбектеніп жүрген қыздар. Жай адам боксшы болмайды.
– Хоббиіңіз бар ма?
– Көп уақытым жаттығу залында өтеді.
– Кітап оқисыз ба?
– Иә, ең сүйікті ісім – кітап оқу. Әсіресе, әлем әдебиеттері мені қатты қызықтырады.
– Дайындық, жарыс, жұмыс... Көбіне сыртта жүресіз. Үй шаруасына қалайсыз?
– Үй іші тірлігі де, сыртқы шаруалар да қолымнан келеді. Тамақты да жасаймын.
– Тұрмыс құрған соң спортты жалғастырасыз ба?
– Ол алдағы уақыттың еншісіндегі мәселе.
– Жастар жылынан не күтесіз?
– Күтерім көп. Қазірдің өзінде мемлекет тарапынан жастарға көрсетіліп жатқан көптеген тиімді қолдаулар бар. Жас спортшыларға стипендия, премия тағайындалса деймін.
– Әңгімеңізге рахмет. Әрдайым сәттілік серігіңіз болсын!
Әңгімелескен
Ұлболсын ТАЛАПБАЕВА
29 маусым 2019 ж. 1 580 0

Ісі ілгерілеген өндіріс

23 қараша 2024 ж. 74

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930