Мәслихаттар сайлауы
Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Доллар бағамы бір күнде 5,87 теңгеге өсіп, 455 теңгеге жетті

Доллар бағамы бір күнде 5,87 теңгеге өсіп, 455 теңгеге жетті

Доллар, доллары, курс доллара, американские доллары, доллары США, обмен валют , сурет - Zakon.kz жаңалық 20.11.2026 15:53Фото: freepik
2026 жылғы 20 қарашада сағат 15:30-да Қазақстан қор биржасында (KASE) шетел валюталары бойынша күндізгі сауда-саттық аяқталды. Сауда қорытындысында доллардың орташа өлшенген бағамы 5,87 теңгеге көтеріліп, 455 теңге болды, деп хабарлайды Zakon.kz.
Ресей рублінің бағамы 0,09 теңгеге өсіп, 5,56 теңгеге жетті. Қытай юані 0,92 теңгеге қымбаттап, 68,09 теңге болды.
Валюта айырбастау пункттерінде долларды 453,6 теңгеден сатып алып, 455,9 теңгеден сатып жатыр. Еуроны сатып алу бағамы – 498,2 теңге, сату бағамы – 503 теңге. Рубльді сатып алу бағамы – 5,26 теңге, сату бағамы – 5,38 теңге.
20 қарашада әлемдік биржаларда мұнай бағасы төмендеп жатыр. ICE Futures биржасындағы электрондық саудада Brent мұнайының қаңтардағы фьючерстері 0,82%-ға арзандап, барреліне 91,23 доллар болды. NYMEX биржасында WTI мұнайының қаңтардағы фьючерстері 0,68%-ға төмендеп, барреліне 81,88 долларды құрады.
Таңертең ҚР Ұлттық банкі доллардың ресми бағамын 448,72 теңге, еуроныкін 493,86 теңге, ал рубльдікін 5,49 теңге деп белгіледі.
Қазақстандағы айырбастау пункттерінде 20 қарашада түске дейін шетел валютасы қандай бағаммен сатылып, сатып алынғаны туралы бұған дейін жазған едік.
20 қараша 2026 ж. 18 0

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
30