Мәслихаттар сайлауы
Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Тоқаев шағын және орта бизнестің мемлекеттік сатып алуға қатысу мүмкіндігін кеңейтуді тапсырды

Тоқаев шағын және орта бизнестің мемлекеттік сатып алуға қатысу мүмкіндігін кеңейтуді тапсырды

Госзакупки, госзакуп, государственные закупки, государственный бюджет , сурет - Zakon.kz жаңалық 20.11.2026 15:45Фото: freepik
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев шағын және орта бизнестің мемлекеттік органдар мен квазимемлекеттік компаниялар өткізетін сатып алу үдерістеріне қатысу мүмкіндігін кеңейту қажеттігін айтты. Бұл шара, әсіресе, отандық тағам өнеркәсібін дамытуға серпін беруге тиіс, деп хабарлайды zakon.kz.
Президенттің айтуынша, бұл бағытта ұзақмерзімді келісімшарттар әзірлеу, тиімсіз талаптарды қысқарту және отандық өндірушілерге тең жағдай жасау мәселелерін шешу қажет.
Сонымен қатар Мемлекет басшысы өнімнің сапасы мен қауіпсіздігіне қойылатын талаптар қатаң сақталуы керегін атап өтті. Ол мемлекет алдағы уақытта да бұл салаға қолдау көрсететінін жеткізді.
Қасым-Жомарт Тоқаев сөзінің соңында Қазақстанның Тәуелсіздігінің 35 жылдығы қарсаңында елдің жүріп өткен жолына тоқталды.
Президент осы кезеңде Қазақстанның көптеген сынақтан өтіп, мемлекеттілігін нығайтқанын және халықаралық беделін арттырғанын айтты.
"Біз Қазақстанды бәсекеге қабілетті озық ел ретінде дамыту үшін әлі де белсенді әрі табанды жұмыс істей береміз", – деді Мемлекет басшысы.
Сондай-ақ ол өскелең ұрпақ алдындағы жауапкершілікті сезіне отырып, ауқымды реформаларды жүзеге асыру жалғасатынын атап өтті.
20 қараша 2026 ж. 23 0

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
30