Мәслихаттар сайлауы
Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » «Керемет, тіпті мінсіз» ақпаратты көп тыңдадық»: Тоқаев «Ауыл – ел бесігі» жобасын тексеруді талап етті

«Керемет, тіпті мінсіз» ақпаратты көп тыңдадық»: Тоқаев «Ауыл – ел бесігі» жобасын тексеруді талап етті

Президенттің айтуынша, бұл жоба жарты мың ауылда орын алған
«Керемет, тіпті мінсіз» ақпаратты көп тыңдадық»: Тоқаев «Ауыл – ел бесігі» жобасын тексеруді талап етті
Фото: Ақорда
Бүгін Астанадағы форумда президент Қасым-Жомарт Тоқаев ауылды дамытуға арналған бағдарламаларды тексеру туралы пікірін айта келе, «Ауыл – ел бесігі» бастамасына жеке тоқталды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
«Тиісті министрліктің мәліметі бойынша тек былтырдың өзінде «Ауыл – ел бесігі» бастамасымен 500-ге жуық ауылда 921 жоба жүзеге асырылды. Олардың жалпы құны – 173 миллиард теңге. Бұдан бөлек, 277 елді мекенде сумен жабдықтау жүйесі жаңғыртылды. Енді осы жұмыстың нәтижесін тексеру керек сияқты. Неге мен бұл мәселені арнайы қозғап, қазбалап айтып тұрмын? Себебі бұрын бәріміз адамдарды қуантатын «керемет, тіпті мінсіз» ақпаратты көп тыңдадық. Соның бәріне қуандық. Сосын дұрыс статистикалық мәлімет берілмеді деп сылтау тауып, мәселені «алыс сөреге» ысырып қоя салатын едік. Біз мұндай жағдайға жол бермеуіміз керек», - деді Тоқаев.
Сондықтан, президент «Халықтық құрылыс» бағдарламасы ауыл-аймақтардың одан әрі дамуына жаңаша серпін беруге тиіс деді.
«Бұл орайда ауылдардың өсіп-өркендеуіне үлес қосып, тұрғындарды тұрақты жұмыспен қамтып отырған кәсіпорындарға айрықша назар аудару қажет. Әсіресе, ірі шаруа қожалықтары орналасқан аудандардағы инженерлік желілерді жетілдіріп, олардың сапалы жұмысына қажетті кіреберіс жолдар салу керек», - деді Тоқаев.



20 қараша 2026 ж. 17 0

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
30