Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Жерлесіміздің жүлдесі сарапқа салынды

Жерлесіміздің жүлдесі сарапқа салынды

Осы аптаның басында Астана қаласында Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген спорт шебері, Қазалы ауданының құрметті азаматы Марина Вольнованың сыйлығына арналған бокстан әйелдер арасындағы халықаралық турнир басталды. "Дәулет" спорт кешенінде өткен дүбірлі додадаға еліміздің бұрымды былғары қолғап шеберлерімен бірге Ресей, Украина, Өзбекстан, Моңғолия мемлекеттерінен келген спортшылар бақ сынады.

Турнирдің ашылу салтанатында олимпиада чемпиондары Бақтияр Артаев, Серік Сәпиев және Марина Вольнова қыздарға сәттілік тілеп, төрт жылдықтың басты оқиғасы саналатын Токио олимпиадасында топ жаруларына тілектестігін білдірді.

Халықаралық турнирде еліміздің намысын ұлттық құраманың қыздары қорғауда. Олардың қатарында біздің жерлестер де бар. Мәселен, Дәметкен Келімбет 57 келіде, Ақерке Бақытжан 69 келіде және Айда Оңдаш 75 келі салмақта бақ сынады.

13 наурызда өздерінің алғашқы кездесулерін өткізген Дәметкен мен Айда жеңіске жетті. Олар астаналық Забынбекова мен украиналық Боруканы 3:0 және 2:1 есебімен жеңді. Ал, 14 наурызда шаршы алаңға шыққан Ақерке Бақытжан атыраулық Юлдашевамен жұдырықтасып, қарсыласынан ұпай санымен басым түсті. Бокс бәсекесі 16 наурыз күні аяқталады.

Айта кетейік, жұдырықтасудың хас шебері атанған жерлесіміз Марина Вольнова алты жасынан бокспен айналысқан. 2005-2006 жылдары Қазалы қаласындағы балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінде дзюдо күресінен жаттыққан. 2012 жылы Лондонда өткен жазғы олимпиада ойындарының қола медаль иегері. Бокстан Азияның чемпионы, әлем чемпионатының күміс медаль иегері, Қазақстан чемпионатының төрт дүркін жеңімпазы.
Жеңісбек АЙЫМҚҰЛОВ
16 наурыз 2019 ж. 1 432 0

Ауқымды марафон өтті

20 қараша 2024 ж. 77

Мемлекеттік рәміздер

20 қараша 2024 ж. 71

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930