Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Боксшылар бағындырған белес

Боксшылар бағындырған белес

20-24 желтоқсан күндері Қарағанды қаласындағы «Жастар» спорт кешенінде бокстан Қазақ КСР еңбек сіңірген жаттықтырушысы Ғалым Жарылғаповты еске алуға арналған турнир өтті. Осымен 34-ші рет ұйымдастырылып отырған халықаралық турнирге еліміздің түкпір-түкпірінен және Ресей, Үндістан, Қырғызстан, Өзбекстан, Тәжікстаннан келген былғары қолғап шеберлері бақ сынасты.
Дүбірлі додаға қатысқан Сыр елінің спортшылары жерлестерін жерге қаратпады. Қызылорда облысының боксшылары екі алтын, бір күміс және үш қола медаль еншіледі. Байрақты бәсекеде облыс намысын қорғап, жұдырықтасқан біздің ауданымыздың боксшыларының жетістіктері ауыз толтырып айтарлықтай. Атап айтар болсақ, 75 келі салмақта бақ сынаған қазалылық Аида Оңдаш алтыннан алқа тағынды. Ал, ақтық сынға дейін қарсылас шыдатпаған Дәметкен Келімбет екінші орынға табан тіреді. 75 келі салмақтағы бокстасып жүрген тағы бір жерлесіміз Ақерке Бақытжан қола медальға қол жеткізіп, ауданның мерейін асқақтатты.
Біздің боксшыларымызды халықаралық турнирге дайындаған Қазақстан Республикасына еңбек сіңірген жаттықтырушысы Бақытбек Құлбаев. Бүгінде №17 Қазалы аудандық олимпиадалық резервтің мамандандырылған балалар-жасөспірімдер мектебінде еңбек ететін Бақытбек Жұмабекұлы елімізге Марина Вольновадай күрзі жұдырықты аруды таныстырған бапкер.
Ж.СОВЕТҰЛЫ.
Суретте: Дәметкен, Ақерке және Аида.
27 желтоқсан 2017 ж. 1 894 0

Жедел көмек жан сақтайды

06 желтоқсан 2024 ж. 174

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031