Мәслихаттар сайлауы
Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Аты бөлек, заты бір: Тоқаев ауылды дамытуға арналған бағдарламаларды түгендеп шықты

Аты бөлек, заты бір: Тоқаев ауылды дамытуға арналған бағдарламаларды түгендеп шықты

Президент осы уақытқа дейін агроөнеркәсіп өнімдері экспортының көлемі екі есе өскенін хабарлады
Аты бөлек, заты бір: Тоқаев ауылды дамытуға арналған бағдарламаларды түгендеп шықты
Фото: Ақорда
Бүгін ауыл шаруашылығы еңбеккерлерінің үшінші форумында сөз сөйлеген президент Қасым-Жомарт Тоқаев ауыл мен аграрлық секторды қолдауға бөлінген бағдарламаның тиімділігін тексеруді тапсырды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
«Жалпы, соңғы жеті жылда ауыл шаруашылығы саласында жемісті нәтижелерге қол жеткіздік. Азық-түлік өндірісі 28 пайызға өсті. Жалпы құны 2,7 триллион теңге болатын 1 630 инвестициялық жоба іске қосылды. Агроөнеркәсіп өнімдері экспортының көлемі екі есе ұлғайып, 7 миллиард долларға жуықтады. Соның ішінде өңделген өнім үлесі 52 пайызға жетті», - деді сөз басында президент.
Президент еске салғандай, былтыр елімізде соңғы жиырма жылдың ішінде алғаш рет ауыл шаруашылығына қатысты ұлттық санақ өткен. Сол санақ ауыл шаруашылығының жай-күйі туралы жан-жақты әрі нақты мәлімет алынған. Осы саланың шынайы ахуалын көрсететін толыққанды деректер жиналған.
«Жалпы, еліміздің ауыл шаруашылығындағы әлеуеті зор. Басты міндет – қолда бар мүмкіндікті тиімді пайдаланып, уақытты созбай, белсенді түрде жұмысқа кірісу керек. Ауыл тұрғындарының тұрмыс сапасын арттыру үшін оларға тиісті жағдай жасау қажет. Бұл – дұрыс. Алайда соңғы жылдары ауыл шаруашылығына қатысты «аттары бөлек, бірақ заттары бірдей» бағдарламалар тым көп болып кеткен сияқты», - деді Тоқаев.
Президент бұл сөзіне нақты дәлел ретінде  қазірдің өзінде «Ауыл аманаты», «Ауыл – ел бесігі», «Кең дала», «Береке», «Жайлау», «Игілік», «Сыбаға» және тағы басқа бағдарламалардың атын атап берді.
«Әрине, әр жоба осы саладағы өзекті мәселелерді шешу үшін жазылады. Бірақ сол жұмыстың бәрі қаншалықты тиімді жүзеге асырылып жатыр? Меніңше, бұл – заңды сұрақ. Бізге бағдарламаның саны емес, ауыл шаруашылығының сапалы дамығаны керек. Сондықтан Үкімет ауыл мен аграрлық секторды қолдау үшін дайындалған осындай құжаттарға жан-жақты талдау жүргізуге тиіс. Әр бағдарламаның өз мақсаты мен міндеті болуы қажет. Ең бастысы, бұл жұмыс шаруаларға түсінікті болып, ауыл тұрғындарының тұрмыс сапасын жақсартуға ықпал етуі керек. Бұл мемлекет қаржысын үнемдеу қажеттілігіне тікелей байланысты мәселе», - деді Тоқаев.



20 қараша 2026 ж. 17 0

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
30