Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » » Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын
















Мен өмірді қалаймын, күн нұрын аңсай.
Аспанда қалықтап, қыранша самғай
Тазалық туралық-адамға керегі.
Дұрыс жер таңдауым ыза жер баспай.


Ессіздік, жат қылық қаламай мүлде,
Ақ ниет, кең құшақ келетін күнге.
Есірткі, ішімдік алыс боп адамнан,
Өмірді сүрейік адамдық күйде.

Еркіндік сезініп сағаттан сәтті.
Бақытты сәттерді санаймын тәтті.
Достарым адал боп, сенімге серт еткен,
Бәйтерек тұлға боп, діңгегі қатты.

Есірткі - алдамшы бір қысқа ләззат,
Артында қап-қара мұң, шексіз азап.
Бақытты іздесең егер,жолымды тап,
Жетелейді шыңдарға үміт, ғажап.

Мен өмірді қалаймын құштарлық пен,
Құшағында тербеліп,тың арманмен.
Күннің нұрын жүзімен сыйғызғым кеп,
Жанарымнан сәуле боп тамғанымен.

Мен өмірді қалаймын, күліп атқан,
Шуақ төккен таң менен тұнық ақпан.
Жүрегімде маздатсам үміт шоғын,
Бақыт болып төгілсе жырын аспан.

Мен өмірді қалаймын еркін самғап,
Болашаққа қараймын үміт арнап.
Әрбір күннің мәні бар әрбір демнің,
Өмір шексіз, мұхиттай терең қармақ!

Мен өмірді қалаймын, үміт қылып ,
Шексіз жолдар ашылсын жаңа үміт.
Өткен күндер естелік боп тұрса да,
Алда күтіп тұр әлі бақыт тұнып.

Салтанат ДҮЙСЕНҒАЛИ,
Қазалы қаласындағы
Қалжан Нұрмаханов атындағы
№95 орта мектебінің 9 «а» сынып оқушысы
04 қараша 2024 ж. 172 0

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031