Мәслихаттар сайлауы
Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Қос аудан, бір рух, ортақ жыр

Қос аудан, бір рух, ортақ жыр

Ауданда Сыр бойында сөз киесін ұлықтаған айрықша рухани бәсеке өтті. Қазақ әдебиетінің классигі, көрнекті ақын, аудармашы әрі әдебиет зерттеушісі Шөмішбай Сариевтің туғанына – 80 жыл толуына орай ұйымдастырылған тағылымды шаралардың заңды жалғасы Қазалы ауданы әкімдігінің қолдауымен және Әйтеке би кенттік мәдениет үйінің ұйымдастыруымен тәуелсіздіктің 35 жылдығына орай Арал мен Қазалының қаламгерлері бас қосқан «Поэтикалық дуэль» мәреге жетті.
Қос аудан өнері мен әдебиетін тоғыс­тырған мазмұнды басқосуда жазушылар және журналистер одағының мүшесі, ҚР Ақпарат саласының үздігі, Дүйсенбек Аяшұлы, «Қазалы» газетінің бас редакторы, «Сыр үміті» сыйлығының лауреаты, ақын Есет Табынбаев пен жазушылар одағының мүшесі, ақын-ұстаз Сағыныш Өтеулиева сөз зергерлерінің шеберлігін саралады.
Сахна төрінде сөз маржанын терген қос команданың құрамы да осал болмады. Аралдың намысын Айдар Сайлау, Ұлықбек Тәңірбергенов, Сания Жақып және Айгүл Күзенова қорғаса, Қазалының атынан Ақжол Түменбай, Елнұр Нұрқасым, Бекзат Серіков пен Ғабит Кәдірбай бақ сынады. Төрт бөлімнен тұрған тартыстың әр кезеңі өз ерекшелігімен көзге түсті
«Жыр бастауда» қатысушылар Ш.Сариев­тің бір өлеңін нақышына келтіріп оқып, ақын рухына тағзым етті. Зал ішінде сыршыл жолдар қайта жаңғырып, ерекше күй сыйлады.
«Жүрегімнің перзенттік пернесі» бөлімінде ақындар туған жер, атамекенге деген сағынышы мен перзенттік сезімін өз туындылары арқылы өрнектеді.
Суырыпсалмалық пен шапшаң ойлауды талап еткен «Экспромт немесе тапқырлық» сынында қатысушылар қазылар мен көрермендер берген бес тірек сөзден 20 минут ішінде тұтас өлең құрастырып, тапқырлықтарын дәлелдеді.
Тартысты өткен жыр бәйгесінің қорытындысында қазылар алқасы бас жүлдені Қазалы ауданының ақындарына лайық деп тапты. Ал Арал ауданының өнерпаздары өнегелі өнері мен белсенділігі үшін «Жыр додасындағы жарқын өнері үшін» арнайы марапатына ие болды. Кеште бәсекеден гөрі өңірлер арасындағы шығармашылық байланыс пен ақындық бауырластық айқын көрінді.
Шара соңында Қазалы ауданы әкімінің орынбасары Жәнібек Алмасұлы сөз алып, мерейтойлық шараның маңызына тоқталды. Ол ұлттық өнер мен әдебиетті қолдаудың, аймақтар арасындағы рухани сабақтастықты нығайтудың қажеттігін атап өтіп, қатысушыларға аудан әкімінің Алғыс хаттары мен демеушілер тағайындаған сыйлықтарды табыстады.
Поэзияға құрмет – ұлттың рухани тамырын қуаттау. Арал мен Қазалының жыр жүйріктері бас қосқан бұл кеш жай ғана сайыс емес, өнер мен өнегені тоғыстырған, көрермен көңіліне жылы леп қалдырған нағыз әдеби мерекеге айналды.

Алтын МЕЙІРХАНОВА
21 қараша 2026 ж. 19 0

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
30