Мәслихаттар сайлауы
Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » 2027 жылы Қазақстанға екі жаңа әуекомпания ұша бастайды

2027 жылы Қазақстанға екі жаңа әуекомпания ұша бастайды

Аспандағы ұшақСурет: depositphotos.com
2027 жылы Қазақстан азаматтарының Азияға тіке ұшу мүмкіндігі артады. Екі шетелдік әуекомпания Қазақстанға рейс ашуды жоспарлап отыр. Олар - Гонконгтың Cathay Pacific және Оңтүстік Кореяның Korean Air әуекомпаниялары. Бұл туралы Қазақстанның Авиация әкімшілігі мен Көлік министрлігі мәлімдеді, деп хабарлайды Tengri Travel.

Cathay Pacific Гонконгтан Алматыға рейстер ашады

Қазақстанға рейс ашуды алғаш болып Cathay Pacific әуекомпаниясы жоспарлап отыр. Қазақстанның Авиация әкімшілігі мәліметінше, тасымалдаушы 2027 жылы бірінші тоқсанда Гонконг пен Алматы арасында тікелей әуе қатынасын ашпақ.
Рейстерді Airbus A330-300 ұшақтарымен аптасына үш рет орындау жоспарланған.
Бұл бағыт Қазақстан мен Гонконг арасындағы жалғыз тікелей әуе қатынасы болмақ. Қазір екі қала арасында қатынағысы келетін жолаушылар жолай басқа әуежайда ұшаққа ауысып мінуге мәжбүр.
Cathay Pacific - штаб-пәтері Гонконг халықаралық әуежайында орналасқан қаланың ең ірі әуекомпаниясы. Ол әлем бойынша 200-ден аса бағытта жолаушылар мен жүк тасымалдайды.
Бұл бағытты ашу жоспары Қазақстан премьер-министрі Олжас Бектеновтің Гонконг арнайы әкімшілік ауданының басшысы Джон Лимен кездесуінде талқыланған еді. Келіссөзге Cathay Pacific компаниясының клиенттермен жұмыс және коммерциялық мәселелер жөніндегі директоры Лавиния Лау да қатысқан.

Korean Air 2027 жылы жазда Сеулден Алматыға ұша бастайды

Қазақстандық нарыққа шығуды жоспарлап отырған тағы бір әуекомпания - оңтүстіккореялық Korean Air. Тасымалдаушы 2027 жылы жазда Сеул - Алматы бағыты бойынша рейстерді іске қосуды көздеп отыр.
Бұл туралы Қазақстанның көлік вице-министрі Талғат Ластаевтың Корея Республикасы Жер, инфрақұрылым және көлік министрлігінің азаматтық авиация мәселелері жөніндегі министрінің орынбасары Чон Чхе Гёммен кездесуінен кейін белгілі болды. Келіссөздер ИКАО-ның әуе көлігі бойынша 7-ші Дүниежүзілік конференциясы (ATConf/7) аясында өтті.
Көлік министрлігі мәліметінше, қазір Қазақстан мен Оңтүстік Корея арасында аптасына 12 тұрақты жолаушылар рейсі орындалады. Ұшақтар үш бағыт бойынша ұшады: Астана - Сеул, Алматы - Сеул және Шымкент - Сеул.
Korean Air әуекомпаниясының рейстері екі ел арасында қатынайтын жолаушыларға тағы бір мүмкіндік береді.
"Вице-министр тасымалдаушы 2027 жылы жазда Сеул – Алматы бағыты бойынша рейстерді бастауды жоспарлап отырғанын құптады", – деп жазылған Көлік министрлігі хабарламасында.
Кездесуде екінші бағытты ашу мүмкіндігі де талқыланған. Korean Air Сеул мен Астана арасында рейс ашу мүмкіндігін зерттеуге мүдделі. Алайда бұл бағыт қашан іске қосылатыны әзірге белгісіз.

Қазақстан мен Оңтүстік Корея тағы нені талқылап жатыр?

Жаңа рейстерден бөлек, тараптар Қазақстан мен Оңтүстік Корея арасындағы әуе қатынасы туралы келісім мәселесін талқылады.
Құжатты әзірлеу жұмыстары әлі жалғасып жатыр. Қазақстан тарапы келісімге қол қоюға дайын екенін растады. Құжат екі елдің авиация билігі арасындағы ынтымақтастықты дамытып, әуе қатынасын кеңейтуге құқықтық негіз қалыптастыруға тиіс.
Бұған дейін Астанадан Түркияның Измир қаласына жаңа тікелей әуе рейсі ашылатыны белгілі болған еді. Екі қала арасындағы тұрақты рейстерді Түркияның SunExpress әуекомпаниясы орындайды. Жаңа бағыт бойынша аптасына екі рет, яғни сәрсенбі және сенбі күндері ұшу жоспарланған. Рейстер Boeing 737 ұшақтарымен орындалады.
Сондай-ақ, Қазақстанға екі жаңа шетелдік чартерлік әуекомпания - Вьетнамның Sun PhuQuoc Airways және Siam Wings Airlines компаниялары келетіні хабарланған еді.

20 қараша 2026 ж. 20 0

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
30