Мәслихаттар сайлауы
Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Салауатты сана – қауіпсіз қоғам

Салауатты сана – қауіпсіз қоғам

Әр қоғамның өзiнiң бас ауыртар iрi-iрi мәселесi болады. Уақыт алға жылжып, адамзаттың ой-санасы дамыған сайын, сол қоғамның тыныштығы мен тұтастығына қауіп төндіретін кеселдер де жаңа сипат алып, күрделене түсуде. Соның бірі – есірткіге тәуелділік. Адамның денсаулығына зиян келтіріп қана қоймай, өміріне, отбасына және тұтас қоғамға қауіп төндіретін бұл дертпен күресу – баршаға ортақ міндет. Ал оның алдын алу, әсіресе жас ұрпақтың санасына салауатты өмір салтының құндылығын сіңіру маңызды.
Осы орайда, қалалық мәдениет үйі мен Қазалы аграрлық-техникалық колледжінің бірлесіп ұйымдастыруымен жуырда «Есірткіге қарсымыз» тақырыбында ақпарат­тық-танымдық дөңгелек үстел өтті. Бұл басқосудың мақсаты – жастар арасында есірткі қолданудың алдын алу, құқықтық сауаттылықты арттыру, денсаулыққа жауап­кершілікпен қарау мәдениетін қалып­тастыру және салауатты өмір салтын насихаттау.
Жиынға «Нұралы» мешітінің бас имамы Рахман Шәрі, «Семей-Невада» қоғамдық бірлестігінің төрағасы Өмірбек Күлімбетов, қалалық ардагерлер кеңесінің мүшесі Аралкүл Ашықбай, «Шипагер» дәрігерлік амбулаториясының меңгерушісі Ақзира Сармантаева, Ғ.Мұратбаев мемориалдық музейі мен мәдениет үйінің қызметкерлері, колледж ұжымы және студенттер қатысты.
Басқосу барысында қатысушылар есірт­кінің адам өміріне тигізер зияны, оның таралуына тосқауыл қою және жастар арасында алдын алу жұмыстарын күшейту жөнінде ой-пікірлерін ортаға салды. Әсіресе қазіргі ақпараттық технологиялардың мүмкіндігін тиімді пайдалану мәселесіне назар аударды. Қатысушылардың пікірінше, есірткі қылмыстарының алдын алуда бейнероликтер, деректі фильмдер мен әлеуметтік мазмұндағы қысқа бейнематериалдардың ықпалы зор. Мұндай контентті әлеуметтік желілер арқылы кеңінен тарату жастардың санасына ой салып, қауіпті әдеттің салдарын түсіндіруге мүмкіндік береді.
Сонымен қатар ғаламтор кеңістігінде есірткі саудасын насихаттайтын немесе оған қатысты ақпарат тарататын жазбаларды анықтап, жою жұмыстарын жандандыру, медиаволонтерлерді тарта отырып, зиянды мазмұндағы жарияланымдарды бұғаттау қажеттігі де айтылды.
Жастардың жарқын болашағы – олардың дені сау, саналы болып қалыптасуында. Сондықтан есірткіге қарсы күрес тек белгілі бір мекеменің немесе мамандардың міндеті емес, қоғам болып жұмыла атқаратын маңызды жұмыс. Ал мұндай кездесулер жас буынға ой салып, өмірлік дұрыс таңдау жасауына бағыт-бағдар беретіні сөзсіз.
Шара соңында Ғасырбек Аралхан мен Тоқтар Смағұл әннен шашу шашып, жиынды әсем әуенмен түйіндеді.
А.ЖҮСІПОВА
21 қараша 2026 ж. 19 0

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
30