Қазақстанда көлік жүргізуге жарамдылық туралы медициналық деректер бірыңғай базаға енгізіледі
Фото: pexelsҚР Денсаулық сақтау министрі 2026 жылғы 13 қарашадағы бұйрығымен көлік жүргізу құқығын алуға үміткерлерді медициналық қарап-тексеру және механикалық көлік құралдарының жүргізушілерін қайта медициналық қарап-тексеру қағидаларына толықтыру енгізді, деп хабарлайды Zakon.kz.
Жаңа тармаққа сәйкес, денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті орган автоматтандырылған дерекқорға медициналық қорытындымен расталған мәліметтерді енгізеді. Базада денсаулық жағдайы бойынша көлік басқаруға рұқсат алған адамдар туралы да, көлік басқаруға медициналық қарсы көрсетілімдері бар адамдар туралы да ақпарат болады.
Уәкілетті органдардың қызметкерлері бұл мәліметтерге өз құзыреті шегінде қол жеткізе алады. Жаңа норма жол қозғалысы қауіпсіздігін медициналық тұрғыдан қамтамасыз ету талаптарының сақталуын бақылау үшін енгізілді.
Бұйрық 2026 жылғы 30 қарашада күшіне енеді.











