Мәслихаттар сайлауы
Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Тоқаев: Су көздері де шаруа қожалықтары үшін қолжетімді болуы керек

Тоқаев: Су көздері де шаруа қожалықтары үшін қолжетімді болуы керек

Орошение, ирригация, полив земли, полив, поливание, подача воды, водные ресурсы, водопотребление, вода, сурет - Zakon.kz жаңалық 20.11.2026 15:22Фото: pixabay
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев ауыл шаруашылығы еңбеккерлерінің үшінші форумында суармалы егіншіліктің тиімділігін арттыру мәселесі әлі де шешімін таппағанын айтты, деп хабарлайды Zakon.kz.
Мемлекет басшысы Үкіметке су үнемдеу технологияларын енгізуді күнделікті жұмысының бір бөлігіне айналдыруды тапсырды
"Қазіргі таңда 700 мың гектар суармалы алқапта су үнемдеу технологиясы қолданылады. Бұл жалпы ауданның жартысына да жетпейді. 2030 жылға дейін кемінде 1 миллион 300 мың гектар жерді қамту міндеті тұр", – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.
Президенттің айтуынша, елде жалпы ұзындығы 4,6 мың шақырым болатын суару арналарын жаңғырту және жөндеу жұмыстары басталды. Жыл соңына дейін мың шақырымға жуық арна пайдалануға беріледі. Соның нәтижесінде 200 мың гектар суармалы жердің жағдайы жақсарады.
"Үкімет әкімдіктермен бірлесіп, суармалы жерлерді кеңейту жоспарын су жеткізу мүмкіндіктерімен, арналардың жағдайымен және энергия желілерінің қуатымен ұштастырғаны абзал", – деді Мемлекет басшысы.
Тоқаев егін шаруашылығының әлеуетін толық пайдалану үшін озық ғылыми тәсілдер мен заманауи технологияларды енгізу қажет екенін атап өтті.
"Өздеріңізге мәлім, жер қателікті көтермейді. Бірақ аялап, ұқыпты қараса, көл-көсір пайдаға кенелтеді. Мұны сіздер жақсы білесіздер", – деді Президент.
20 қараша 2026 ж. 29 0

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
30