Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » » Тест. Әмиянға қарап адамын таны

Тест. Әмиянға қарап адамын таны

Психологтардың айтуынша, біздің әрбір қолданатын заттарымыз өзіміз туралы қандай да бір ақпарат береді екен. Әсіресе, күнделікті тұтынатын заттарымыз дәл мінездеме беретін көрінеді. Ендеше бүгін әмияныңызға қарап сіз туралы айтып көрейік.
1. Конверт пішінді әмиян. Мұндай әмиян барлық затты сақтай беруге ыңғайлы. Мысалы суреттер, несие немесе банк карталары. Бұл әмиянның иесі көп сауда жасайды. Өзіне немесе отбасы үшін бірнәрсе сатып алуға құмар. Әдетте олар барлығының өз орнымен болғанын қалайды.
2. Қатпарлы әмиян қалтаға да, сөмкеге де оңай салынады. Ол әмиянның иесі белсенді, адамдармен тіл табысқыш, еркіндікті бағалайтын және уақыттың қадірін білетін адамдар.
3. Туристік әмиян яғни барлық заттарға арналған. Бұл жандар жұмыс барысымен жиі іс сапарға шығуы мүмкін. Осындай әмиян ұстайтын адамдар сабырлы, ұқыпты, сенімді болып келеді, әрі бірден нақты шешім қабылдай алатын қасиеті бар. Ой-өрісі де кең.
4. Несие карталарын салатын әмиянды үлкен қаланың тұрғындары жиі ұстайтын көрінеді. Олар өте сақ адамдар, ақылды, энергияға мол болып келеді. Заманауи өмір сүруді қалайды, кез келген жағдайдан ләззат ала біледі.
5. Жарқын дизайнды әмиян ұстайтындар, жастарының қаншада екеніне қарамай, жандарының жас екенін білдіреді. Олар өмірден тек жақсылықты, кереметті ғана көреді. Үнемі ерекше идеяларға толып жүреді.
6. Бір қызығы, әмиянсыз жүретін адамдар туралы мінездеме беру қиын екен. Ақшасын сөмке немесе қалтадан шығарып беретін адамдардың қаржылық жағдайы тым керемет болмайды екен.
30 мамыр 2019 ж. 1 874 0

Жаңалықтар мұрағаты

«    Наурыз 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
25262728293031