Қазалы Қазалы аудандық қоғамдық-саяси газет
» » Жоғалмайтын әмиян

Жоғалмайтын әмиян

Нарықта жаңа заттарды ойлап табу, оларды сатылымға шығару күннен-күнге дамып келеді. Бәрі де адамның игілі үшін. Ең ақыры адам үйінде отырып жұмыс жасауға мүмкіндік алатын одан қала берді бір нүктені басып қана қажеттілігіне қол жеткізе алатын заманға жеттік. Армяндық құрастырушылардың Volterman әмияны үлкен сұранысқа ие. Неге?
Volterman – қарапайым ғана жоба негізінде жасалған, қолданушының қауіпсіздігі мен оның жоғалып кетуінен сақтайтын әмиян. Бұл әмиянның барлық әмияндардан ерекшелігі сонда ол «ақылды». Ара қашықтығы 20 метр жерден сізге хабарлама жіберіп немесе телефоныңызға «әмияныңыздың қалып кеткені» туралы ақпарат жеткізетін GPS құрылғысы бар. Бір сөзбен айтқанда, бұл әмиянның жоғалуы мүмкін емес.
Volterman ақылды әмиянының 7 ерекшелігі бар: – Ұялы телефонға арналған 2 600 мАч қуат көзі. – Сымсыз қуаттау. – GPS орнатылған. – Bluetooth ескерту құрылғысы. – Камера орнатылған. – Желі нүктесі бар. – RFID - қорғаушы. 2600 мАч қуат көзі Iphone 7 смартфонын толық қуаттауға жетеді. Қалған ерекшеліктері WiFi-роутер арқылы кез келген жерде жүзеге асады.
Әмиян қалтаңыздан түсіп қалса немесе біреу ұрлап алса 20 метрден кейін автоматты түрде телефоннан алыстаған құрылғы іске қосылып, сізге хабар береді. Ең бастысы арасы 20 метр болатын жерде тұрасыз жердің қай бұрышында болса да әмиянды тауып ала аласыз. Егер әмияныңыз жоғалған жағдайда оның ішкі камерасы іске қосылады және ұрлаған адамды немесе тұрғылықты жерді суретке түсіріп ала алады.


massaget.kz
15 қаңтар 2018 ж. 1 103 0

Руханият

Қара қазанның қасиеті

Қара қазанның қасиеті

02 маусым 2020 ж.
Жезтырнақ

Жезтырнақ

31 мамыр 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Маусым 2020    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930