Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Астаналық оқушы қомақты қаржысы бар әмиянды иесіне қайтарып берді

Астаналық оқушы қомақты қаржысы бар әмиянды иесіне қайтарып берді

Әмиянның иесі Илья мен оның ата-анасына алғыс білдірді, деп хабарлайды Елода Инфо Астана қаласы полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Елордалық №28 орта мектептің 11-сынып оқушысы Илья Шавиков 8 қаңтарда Кенесары көшесінің бойымен кетіп бара жатып, ішінде банк картасы және 112 мың теңге сомасындағы қаржысы бар әмиян тауып алған. Оқушының айтуынша, оның өзі де, ата-анасы да әлеуметтік желілерден Полиция департаменті Табылған заттар бюросының жұмысы туралы хабарландыруларды үнемі көріп жүрген және табылған затты қайтарып беру үшін сол жерге жүгінуді шешкен. 

9 қаңтарда Астана қаласы ПД Табылған заттар бюросы жүргізілген тексерістен кейін жоғалған әмиянның иесін анықталды. Әмиянын жоғалтқан қызға Илья Шавиков тауып алған ақшасы мен банк карточкасы бар әмиянын табыс етті. Әмиянның иесі Ильяға және оның ата-анасына алғыс білдірді. Сондай-ақ полицейлер де Илья Шавиковқа белсенді азаматтық ұстанымы үшін алғыс айтты.


11 қаңтар 2019 ж. 957 0

Доллар бағасы күрт арзандады

02 желтоқсан 2025 ж. 241

Аудан ажары арта түспек

02 желтоқсан 2025 ж. 132

Тазалық таразысы

02 желтоқсан 2025 ж. 130

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
293031