Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » » Тарих таразысы - уақыт

Тарих таразысы - уақыт

Аудандық орталық кітапхананың оқу залында 31 мамыр - саяси қуғын – сүргін құрбандарын еске алу күні қарсаңында «Тарих таразысы - уақыт» атты тақырыпта еске алу шарасы өткізілді.
Мақсаты: Алаш азаматтарының аңсаған арманын келешек ұрпақтың бойына сіңіру арқылы, оған жету жолында құрбан болған асылдарымыздың ұлылығын паш ету, өткен тарихымыздан тағылым ала отырып, бүгінгі ұрпаққа әр құжат арқылы өнегелі тәрбие беру, оларды Отанын сүюге, елінің, жерінің адал патриоттары болуға баулу, жас ұрпаққа «қуғын-сүргін», «концлагерь» деген ұғымдар жат, түсініксіз ұғымды түсіндіру, олардың санасына тарихи шындықты жеткізу ,өткенді ескермей болашақты құру мүмкін еместігін, тәуелсіздік туын көтерген алаш тұлғаларын ардақтай отырып, сол бір зұлмат жылдардағы ақтаңдақтар ақиқатын түсіндіруге баулу. Біздің парызымыз –тарихи құндылықтарымызды бағалай білу, оған жету жолында құрбан болған ардақтыларымыздың ерлігін ұмытпау және әркез ұлықтау.
Шара барысында «Азалы жылдар жаңғырығы» атты тақырыпта көрме-үндеу өткізілді. Мектеп оқушылары Алашорда азаматтарының жалынды жырларын оқып, қатысушыларды бір жігерлендіріп алды. Кешті аудандық орталық кітапхана директоры И.Назарова: қуғын-сүргін құрбандарын ұмытпай еске алып, ұрпаққа таратып, жеткізіп айту – міндет, мұндай зұлмат болмасын,- қорытындылап, шараға қатысқан барша оқырмандарға алғысын білдірді. Шараға барлығы 27 оқырман қатысты.
"ҚАЗАЛЫ" ақпарат.
28 мамыр 2018 ж. 1 941 0

Тазалық-өмір айнасы

24 сәуір 2024 ж. 84

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930