Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » » Жаңару айының жақсылығы

Жаңару айының жақсылығы

Аудандық орталық кітапханада «Жаңғыру мен жаңарудың айы – Наурыз» атты қазақ халқының салт-дәстүрлерін, ұлттық құндылықтары мен өнерін келешек ұрпаққа жеткізу мақсатында мерекелік шара ұйымдастырды. Оған әр салада қызмет ететін басшылар мен қызметкерлер, мектеп оқушылары, оқырмандар, кітапхананың ардагер ұстаздары мен қызметкерлері белсене қатысты.
Тағылымды басқосуда аудандық «Ардагерлер ұйымы» қоғамдық бірлестігінің төрағасы Оразғали Достанұлы ақжарқын тілегін жеткізді. Сонымен қатар, аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің басшысы Айгүл Бөкенбайқызы, ардагер ұстаз Қадірбек Бекетов пен Мұңсызбай Әубәкіров ыстық ықыласты лебіздерін білдірді.
Мерекеде әдептілік пен өнегелілікке және бауырмалдылыққа тәрбиелейтін «Сырға салу» рәсімі мен «Қыз ұзату» дәстүрін кітапхана ұжымы жоғары деңгейде көрсетті. Өнерлі қыздар талшыбықтай майысып, қазақ биінің көркін келтірсе, жас ақындар өлең жолдарын арнады. №266 мектеп-лицейдің оқушылары әннен шашу шашты. Сондай-ақ, «Қош келдің, Әз-Наурыз!» тақырыбында кітап көрмесі таныстырылды.
Игі шараға қатысушылар сенім мен байлықтың символы болған Наурыз көжеден ауыз тиді.
Айнұр ҚАЗМАҒАМБЕТОВА.

26 наурыз 2018 ж. 1 813 0

Таңғажайып түн

19 мамыр 2025 ж. 61

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Мамыр 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1234
567891011
12131415161718
19202122232425
262728293031