Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Менің елімнің Тұңғыш Президенті

Менің елімнің Тұңғыш Президенті

1 желтоқсан – Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күніне орай Бірлік ауылдық кітапханасында «Менің елімнің Тұңғыш Президенті» тақырыбында таным сағаты өткізілді. Жас ұрпаққа Қазақ елінің Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың өмірі, туып-өскен, оқып-білім алған, қызмет еткен жерлері туралы мағлұмат бере отырып, Елбасының өмір жолынан үлгі алуға, халқын сүюге, ұлттық патриоттыққа баулу мақсатында ұйымдастырылған шараға №102 мектептің 5-сынып оқушылары қатысты.
Шара барысында оқушылар Нұрсұлтан Нұрғиса, Бақытжан Нұрым, Роза Мақсымбет, Дүзбай Нұрлыбек, Ханым Жаңаберген, Аяжан Сахи, Мақсымбет Ернарлар Елбасына арналған жыр шумақтарын және Елбасының айтқан қанатты сөздерін оқыды. Нұрсұлтан Назарбаевтың өмірі мен қызметіне байланысты сұрақтарға жарыса жауап беріп, іс-шараға белсене қатысты.
Кітапханашы Г.Иззатова Елбасының көшбасшылық тұлғасын, тәуелсіз мемлекетімізді қалыптастыру және дамытудағы ерен еңбегін айқындайтын әдебиеттерден ұйымдастырылған «Әлем таныған кемел тұлға» кітап көрмесімен таныстырып, «Әлемдік тұлға», «Елбасы сыныптастары» атты кітаптары Н.Ә.Назарбаевтың шығармалары мен өмірбаянына шолу жасады.
Айзина ҚАЛИ,
Бірлік ауылы
30 қараша 2017 ж. 3 527 0

Түнгі қонақ

23 желтоқсан 2025 ж. 17

Маңызды мәселелер қаралды

23 желтоқсан 2025 ж. 19

Жол түзелмей, ел түзелмейді

23 желтоқсан 2025 ж. 22

Тұрғындарға тиімді баға

23 желтоқсан 2025 ж. 25

Жаңа жылға – жаңа нысан

23 желтоқсан 2025 ж. 25

Ақсуатта бекет ашылды

23 желтоқсан 2025 ж. 21

Энергетикалық әлеует артуда

23 желтоқсан 2025 ж. 24

Өңір дамуының маңызды қадамы

23 желтоқсан 2025 ж. 18

2026 жылы зейнетақы 10%-ға өседі

22 желтоқсан 2025 ж. 154

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
293031