Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » » Рухани жаңғыру ұлт ұстанымы

Рухани жаңғыру ұлт ұстанымы

Аудандық орталық кітапханада Елбасының «Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласының бір жылдығы аясында «Тәуелсіздік мұраты – Мәңгілік ел» атты тақырыпта кітап көрмесі ұйымдастырылып, әдебиеттерге библиографиялық шолу жасалынды.
Мақсаты: жоғары білімді әрі рухани жағынан бай адам қалыптастыру, әрбір азаматты алға жетелейтін қоғамдық сананы жаңғырту, оқырмандардың алдында жаңа көкжиектер кеңістігін ашып, елімізді сапалық жағынан жаңа даму деңгейін көрсету, тарихтың белестерінен сүрінбей өткен құнылықтарымыз бен озық дəстүрімізді насихаттау, болашақ пен өткенді үйлесімді сабақтастыра білуге үйрету,халықтың өзіне ғана тән тарихи қалыптасқан мәдени болмысы – Ұлттық кодтың мән-мағынасы туралы мәлімет беру, туған тілге деген құрметті арттыру, жаһандану жағдайындағы жал¬пыадамзаттық құндылықтарды меңгеру, технология мен иннова¬цияға мән беру керектігін айтып өту.Оқырмандарға «Қазақстан -2050» стратегиясының маңызы мен мақсатын түсіндіру арқылы ұлтты ұйыстырып, ұлы мақсатқа жетелейтін идея - Мәңгілік Ел идеясының маңызын түсіндіру, Отанды сүюге, бірлікке, ел тарихын білуге, еліміздің мемлекеттік рәміздерін қастерлеуге, жеріміздің байлығын қорғауға, білімді ұрпақ тәрбиелеуге, елімізде тұратын ұлттар мен ұлыстардың арасындағы достық пен ынтымақты дәріптеу, өзара жағымды қарым – қатынасты дамыту, «Мәңгілік елімізбен» бірге болашаққа сеніммен қадам басу.
Рухани жаңғыру – ұлттың жаңғыруы, Қазақстанның бәсекеге қабілетті дамыған 30 елдің қатарына енуге бағытталған, инфрақұрылымдық және саяси саладағы келбетін айшықтай түсетін, жеңіс тұғырына жетелейтін Ұлттық жоспарының тағы бір жарқын көрінісі.
Бұл жолда мемлекетіміз жан-жақты дами отыра, Біртұтас Ұлт болып қалыптасуды мақсат етеді. Екі тарау мен алты тармаққа, алты тапсырмаға құрылған Елбасы бағдарламасы – рухани кеңістігіміздің жаңа жаңғыруының жарқын нышаны!
«Қазақстан – бір ел, бір халық, бір болашақ». Елбасы ұстанымы – осы. Жаңа жағдайға қарай бейімделу, жаңғыру – уақыт талабы.
"ҚАЗАЛЫ" ақпарат.
13 сәуір 2018 ж. 7 212 0

Ауқымды марафон өтті

20 қараша 2024 ж. 77

Мемлекеттік рәміздер

20 қараша 2024 ж. 71

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930