Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » » Тәуелсіздік. Тарих. Таным

Тәуелсіздік. Тарих. Таным


Аудандық орталық кітапхананың оқырмандарға қызмет көрсету бөлімінің ұйымдастыруымен 16 желтоқсан Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 26 жыл толуына орай «Тәуелсіздік.Тарих. Таным» атты тарихи –танымдық кеш болып өтті.
16 желтоқсан – ата бабамыздың арманы орындалып, жасампаздығымызды жаңа белеске көтерген Тәуелсіздік күні. 1991 жылғы 16 желтоқсанда Президент Нұрсұлтан Назарбаев қол қойған Конституциялық Заңнан бастау алған тәуелсіздігімізге 26 жыл толды.
Тарихқа көз жіберетін болсақ, Тәуелсіздік - 1986 жылғы Желтоқсан оқиғасында аланға шыққан жастардың ерік-жігері, ең алдымен барша қазақстандықтардың арман-мұратының салтанат құруы. Патша дәуірінде де, Кеңес Одағы кезінде де тәуелсіздікке деген ұмтылыс халықтың едеуір бөлігінде қалыптасты. Біз бірнеше жүз жыл отаршылдықтан кейін ХХ ғасырдың аяғында қайта жаңғырған мемлекетпіз. Тәуелсіздік – бұл азап пен төзімнің, халықтың сан ғасырлар бойы еркіндікті аңсаған шыдамының өтуі.
Қазақстанның тәуелсіз, егеменді ел ретінде танылғанына міне жиырма алты жыл толып отыр. Тәуелсіздік сияқты ұлттық мерекені бүгінгі таңда қазақ халқы жүрегімен сезінуі керек. Тәуелсіз елдің ең басты тұғыры ол қоғамның, сол мемлекеттегі жергілікті ұлттың рухы, жігері, қоғамдық санасы. Басты байлық жай ұлттық мүдде емес, азаматтардың мүддесі мен қажеттілігі. Жаңа әлемдегі жаңа Қазақстанның бүгінгі құдіретті күші ел бірлігінде, ұлттар татулығында жатыр. Тарихи –танымдық кешіміздің басты мақсаты: Қазақ халқының басынан өткен қилы-қилы кезеңдерінің тарихына шолу жасап, жастарымызды ұлы тұлғалардың рухты тағылымдарын зерделей келе ата –бабамыздың тәуелсіздік жолындағы ерлік үлгісімен сондай –ақ Желтоқсан оқиғасын негізге ала отырып патриоттық тәрбие беру. Отанымызды сүюге, еліміздің рәміздерін қастерлеуге баулып туған жеріне деген сүйіспеншілігін ояту, елін, жерін, тілін, тарихын құрметтейтін жаны таза, адамгершілігі мол азаматты қалыптастыру.
Кешке Ардагер ұстаз Қадірбек Бекетов, Рашова Ұлдай апай, кітапханамыздың зейнеткерлері Айсара Қожақ, Райса Қазыбаева, Қазалы көлік техникалық колледжінің оқытушысы Дінахмет Жомарт, Еркін Құсан, № 70 Жанқожа батыр атындағы мектептің мұғалімі Орынбаева Рабиға өзге де білім ордаларының мұғалімдері, студенттер мен оқушылар қатысты. 
Кеш барысында оқырмандарға қызмет көрсету бөлімінің кітапханашысы А. Серікқызы, Қазалы гуманитарлық- техникалық колледжінің студенті А.Панабек, № 266 мектеп-лицейдің 8 сынып оқушысы Д. Әбілқасым мерекелік ән шашуларын арнаса, Қазалы көлік – техникалық колледжінің студенттері «Менің Атамекенім» атты драмалық көріністері көпшілік көзайымына айналды.
"ҚАЗАЛЫ" ақпарат. 
14 желтоқсан 2017 ж. 3 071 0

Тазалық-өмір айнасы

24 сәуір 2024 ж. 74

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930