Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » » Туған өлке – тұнған тарих

Туған өлке – тұнған тарих

«Тәуелсіз Қазақстанның әрбір азаматы туған халқының тарихы ешкімнен де олқы еместігін түсініп, ата - бабалары қалдырған кең байтақ жердің лайықты мұрагері болуға тиіс» деп Елбасы Н.Назарбаев айтқандай, керемет іздеп алысқа сапар шекпей-ақ, өз өлкемізді зерттеу арқылы талай құпияларды ашуға болатыны анық. Әркімге туған жері, елі қымбат. Адам баласы үшін туған өлкесінен артық еш нәрсе жоқ.
Осы орайда Елбасы Н.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру» мақаласынан бастау алатын «Рухани жаңғыру» бағдарламасын жүзеге асыру мақсатында Қазалы ауданының білім бөлімінің жалпы білім беретін кешкі мектебінде мұғалімдер Б.Жансейіт пен Г.Джумаеваның ұйымдастыруымен «Туған өлке – тұнған тарих» атты тарихи танымдық іс-шарасы өтті.
Шараның мақсаты – біздің туған өлкеміз қасиетті Қазалы жерінің тарихы мен бүгіні жайлы өскелең ұрпаққа кеңінен таныстыру. Шара барысында Қазалы қаласының атауы мен өңір тарихына жан-жақты мәліметтер келтіріліп, слайд арқылы Қазалы қаласының тарихи, мәдени ескерткіштері көрсетілді. Оқушылардың орындауында «Қазалы вальсі» мен Ж.Мәкенәлінің өлеңдері оқылды. Сонымен бірге, оқушылар мен мұғалімдер арасында мақал-мәтелдер мен жұмбақтар сайысы өткізіліп, өлкемізден шыққан батырлар, ақын-жазушылар және басқа да танымал түлғалар жайлы қойылған викториналық сұрақтарға жауап берді. Шара соңы «Тамыры – терең, тарихы – кенен Қазалы» атты кітап көрмесін тамашалаумен аяқталды.
Ербол МУСТАФАЕВ.
Қазалы аудандық кешкі мектептің
тарих пәні мұғалімі.
13 ақпан 2018 ж. 4 863 0

Қара шаңның қасіреті

17 қаңтар 2025 ж. 50

Есірткі туралы ертегі

17 қаңтар 2025 ж. 54

Сиқырлы гүлдің арбауы

16 қаңтар 2025 ж. 98

Есірткі туралы ертегі

16 қаңтар 2025 ж. 114

Адалдық

16 қаңтар 2025 ж. 99

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қаңтар 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031