Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » » Ақын рухына тағзым

Ақын рухына тағзым

Сейсенбі күні аудандық ­«Жастар ресурстық орталығы» мен ­«Сауал» қоғамдық бірлестігі Хәкім Абайдың 175 жылдық мерейтойына орай кент әкімдігінде «Ақын рухына тағзым» атты байқау ұйымдастырды.
Басты мақсат – Ұлы ақынның 175 жылдығына арналған шараларға үн қосу, Абай туындыларын танып білуді жете меңгерту, аудан жастарының шығармашылық ізденісін ұштау. Байқау 14 пен 29 жас аралығын қамтыды.
Сайыстың шарты бойынша қатысушы Абай Құнанбайұлының өлеңдерін мәнерлеп оқып және әндерін орындауы қажет. Өнерімен ерекше көзге түскен Жанқожа батыр ауылынан қатысушы Алтын Қуатбай мен өркендеулік Дильназ Мырзамұрат үшінші орынды иемденді. Сондай-ақ Бірлік ауылының тұрғыны Аружан Серікболқызы мен Қазалы қаласынан қатысқан 8 сынып оқушысы Ақарыс Қалымбет екінші орынды місе тұтты. Байқау барысында Абайдың «Ескендір» поэмасын өз нақышына келтіре орындауда дауысымен ерекшеленген Ақсуат ауылының 11 сынып оқушысы Фарида Жалғасбек бірінші орынды қанжығасына байлады. Ал сайыста қазылар алқасының көңілінен шыққан Сарбұлақ ауылдық округінен қатысқан Ерхан Шертай бәйгенің бас жүлдесіне ие болды.
– Біз секілді жастарға Абай Құнанбаевтың өлеңдерін білмеу – ұят. Абайдың 100-ге жуық өлеңін жатқа білемін. Қазірге дейін талай рет Ұлы ақынның құрметіне өткізілген шараларға қатысып, жүлделі орындарға ие болдым. Бүгінгі байқауда да кезекті жүлдені қоржыныма салдым. Алдағы уақытта осындай байқаулар жалғасын тауып тұрса, әлі де топқа түсуге дайынмын, – деді бас жүлде иегері.
Байқауға аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің қызметкері, ҚР Мәдениет саласының үздігі, әнші Галия Оспанова, аудандық орталық кітапхананың оқырмандарға қызмет көрсету бөлімінің меңгерушісі Зоя Мұстафаева, С. Бозғұлов атындағы №249 мектеп-лицейдің қазақ тілі мен әдебиет пәнінің мұғалімі Анар Алпысбаева, аудандық «Қазалы» газетінің тілшісі Абзал Жолтерек қазылық етті.
Қазылар алқасының төрайымы Галия Оспанова жастардың өнеріне ризашылығын білдіріп:
– Бүкіл түркі әлемі бас иетін Ұлы ақынның 175 жылдығына арналған байқау сәтті өтті. Мұнда жастар Абай өлеңдерін жатқа айтып, әндерін шырқап шеберлік танытты. Қатысушылардың барлығы да талантты. Әйтсе де біз ішінен ең үздігін анықтадық деп ойлаймын, – деді.
Жиын соңында жүлдегерлер мен қатысушыларға ­арнаулы диплом мен бағалы сыйлық табысталды.

А.БАҚЫТҰЛЫ
31 қазан 2020 ж. 943 0

Ісі ілгерілеген өндіріс

23 қараша 2024 ж. 75

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930