Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » » Аудандық «Абай – дара, Абай – дана қазақта» байқауы

Аудандық «Абай – дара, Абай – дана қазақта» байқауы

18-19 ақпаны күндері Әйтеке би кенттік клубы мен аудандық балалар кітапханасының ұйымдастыруымен қазақтың ұлы ақыны Абай Құнанбайұлының 175 жылдығына орай «Абай «Абай – дара, Абай «Абай – дара, Абай- дана қазақта» дана қазақта» дара, Абай- дана қазақта» атты аудандық байқау өтті.

Мұнан соң аудандық балалар кітапханасы «Абайды білмек парыз ойлы жасқа»атты кітап көрмесін ұйымдастырды. Байқауға кент мектеп-мекеме ұжымдары арасынан 68 талапкер екі кезеңмен қатысты.  
Кеш барысында Қазалы ауданының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің басшысы Жолтаев Болат Әбенұлы Абай өлеңдері шығармалары әрбір қоғамның мүшесіне тәлім-тәрбие беретін, өзіндік оң пікір қалыптастырып, салауаттылыққа жетелейтін ұлы философ мұрасы баға жетпес байлық деп маңызы мен мәніне тоқталып, қатысушы талапкерлерге сәттілік тіледі.
Байқауға аудандық орталық кітапхананың оқырмандарға қызмет көрсету бөлімінің меңгерушісі Мұстафаева Злила, аудандық оқушылар үйінің ән үйірмесінің жетекшісі Нағима Қарымсақова, Қорқыт ата атындағы музыка мектебінің вокал жанрының жетекшісі Мұратбай Гүлдана қазылық жасады.
Нәтижесінде көркемсөз оқу шеберлігі бойынша Бас жүлдені №165 мектептің оқушысы Ниеталы Сабина, І-орынды №170 мектептің оқушысы Жеңісбек Гүлназ, ІІ орынды аудандық оқушыларүйінен Жеткерген Зейнел, ІІІ-орынды 266 мектеп-лицейдің оқушысы Сұлтанжан Фатима мен №249 мектеп-лицейдің оқушысы Шарападин Аман, №204 мектептің оқушысы Нысанәлі Арай иеленді.
20 ақпан 2020 ж. 1 480 0

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930