Көркемсөз оқу шебері грант жеңіп алды
![](/uploads/posts/2019-09/thumbs/1567593255_dsc_0098.jpg)
Жиырмасыншы мәрте ұйымдастырылған республикалық сайысқа Қызылорда облысынан 6 оқушы қатысты. Бес номинация бойынша бақ сынаған балалардың төртеуі Қазалы ауданы атынан бәйгеге түсті. Онда №88 мектеп оқушысы Рамазан Балтабай «Ақындар» бөлімінде оқ бойы озық шығып, бірінші орынды жеңіп алды. №249 мектеп-лицейден Динара Бурабай 140 өлең жаттап, Абай өлеңдерін мәнерлеп оқудан көзге түсіп, Алғыс хатпен марапатталды. Эссе жазудан «Ұлыларды ұлықтаушы» номинациясы бойынша №70 мектеп оқушысы Ақерке Тілектеске диплом табысталды.
Ал Қазалы ауданы №225 орта мектептің 11-сынып оқушысы Эльмира Жанұзақова «Абайдың ақын шәкірттерінің өлеңдерін мәнерлеп оқу» бағамынан сүрінбей, екінші орынды қанжығасына байлады. Сонымен бірге Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе мемлекеттік университетіндегі филология факультетінің мемлекеттік грантын иеленді.
Дарынды жастың жетекшісі Жанат Аханның айтуынша, шәкірті Эльмира Маратбайқызы Абай және оның шәкірттерінің өлеңдерін қосқанда барлығы 420 өлеңді жаттап алған. Ол Абай оқуларына он жасынан бастап үзбей жеті жыл қатарынан қатысады. Ең алғаш Абайдың 70 өлеңін жатқа білген. Эльмира Маратбайқызының талантын ерте жастан танып, біраз жыл Абай атасының өлеңдерін есте сақтауға баулыған апайы, қазіргі таңда №225 орта мектептің І санатты қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі қызметін абыроймен атқарып келеді. Ұлағатты ұстаз зерек оқушысының кез келген жырды үш мәрте оқығаннан кейін жатқа айта алатын қабілетіне тәнті екенін жеткізді.
Келешегінен мол үміт күттіретін Эльмира атақты Қарасақал Ерімбет ұрпақтарынан тараған текті қыз. Сабақ үлгерімі үздік оқушы, биылғы оқу жылында «Алтын белгі» иегерінен үміткер. Бұған дейін бірнеше мәрте аудандық, облыстық, республикалық шығармашылық сайыстар мен ғылыми жобалардың және пәндік олимпиадалардың жеңімпазы.
Ұстаз еңбегі оқушы жетістігімен бағаланады десек Жанат Ахан бойындағы бар білгенін шәкірттеріне үйретуден әсте жалықпайтын жан.
Айнұр ҚАЗМАҒАМБЕТОВА