Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » » Кемеңгерлік кереметі

Кемеңгерлік кереметі

Өткен аптада кенттік клубта "Абай – дара, Абай – дана қазақта" атты аудандық байқау өтті. Шара ойшыл, ұлы ақын Абай Құнанбайұлының 175 жылдығына орай ұйымдастырылды. Онда Әйтеке би кенті мектептерінен барлығы 68 талапкер ақын шығармашылығы бойынша өнер көрсетті.
Сайыстың жоғары деңгейде өтуіне кенттік клуб пен аудандық балалар кітапханасы қызметкерлері мұрындық болды. Жиылғандар назарына «Абайды білмек парыз ойлы жасқа» атты кітап көрмесі ұсынылды.
Кеш барысында аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің басшысы Болат Жолтаев ғасырдан астам уақыт өтсе де, Абай қалдырған мұра халыққа рухани азық болып отырғандығын тілге тиек етті. Оның өміршең шығармасы әрбірімізге тәлім-тәрбие беретін, өзіндік оң пікір қалыптастырып, салауаттылыққа жетелейтін баға жетпес байлық екеніне тоқталып, қатысушы талапкерлерге сәттілік тіледі.
Байқауға аудандық орталық кітапхананың оқырмандарға қызмет көрсету бөлімінің меңгерушісі Злила Мұстафаева, аудандық оқушылар үйінің ән үйірмесінің жетекшісі Нағима Қарымсақова, Қорқыт ата атындағы аудандық музыка мектебінің вокал жанрының жетекшісі Гүлдана Мұратбай қазылық жасады.
Нәтижесінде көркемсөз оқу шеберлері арасынан бас жүлдені №165 мектептің оқушысы Сабина Ниеталы иемденді. Бірінші орынды №170 мектептің оқушысы Гүлназ Жеңісбек пен №70 мектептен Кәусар Кемаладин жеңіп алды. Екінші орынды аудандық оқушылар үйінен Зейнеп Жеткерген, №266 мектеп-лицейден Назым Нақыш, Айдана Еділбекқызы, №226 мектеп гимназиядан Ақниет Әлихан қанжығасына байлады. Ал №266 мен №249 мектеп-лицейдің оқушылары Фатима Сұлтанжан, Балауса Зұлбыхар, Аман Шарападин, Қасымхан Қанибаев, №204 мектептің оқушысы Арай Нысанәлі және №234 мектептен Балзира Итеш үшінші орынды місе тұтты.
Әншілік қабілеті жағынан сынға түскен №266 мектеп-лицей оқушысы Әсет Қуандық бірінші орынды иемденіп, жеңіс тұғырынан көрінді. №249 мектеп-лицейден келген Нұрбибі Жаңаберген екінші орынға тұрақтады. Ал №170 мектеп атынан өнер көрсеткен Альфараби Шымберген үшінші орынды қанағат тұтты.
Сондай-ақ №266 мектеп-лицей өрені Нұржайна Амангелдиева көркемсөз оқудағы шеберлігі үшін "Шебер орындаушы", №204 мектептен Гүлсезім Қылышбек "Көрермен көзайымы", Илхам Нағашыбай "Үздік орындаушы", №216 мектеп оқушысы Жұлдыз Серікбай "Мәнерлеп орындаушы" номинациялары бойынша марапатталды. Байқау жеңімпаздарына арнайы дипломдар мен сый-сияпаттар табысталды.
Айнұр ҚАЗМАҒАМБЕТОВА

25 ақпан 2020 ж. 1 231 0

Ісі ілгерілеген өндіріс

23 қараша 2024 ж. 57

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930