Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » » Әуен әрі – сахна сәні

Әуен әрі – сахна сәні

Жақында аудандық оқушылар үйінде "Шежірелі би өнері" атты салтанатты жиын өтті. Халықаралық би күніне орай өткізілген шарада аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі басшысы Болат Жолтаев адамның ішкі жан дүниесін баурайтын таза ырғақтың шеберлерін айтулы мерекемен құттықтады.
– 29 сәуір – Халықаралық би күні, барлық биді біріктіруге қызмет етіп келе жатқан атаулы күн. Бұл өнер әртүрлі ұлт өкілдерінің басын қосып, ынтымақтастық пен бейбітшілікке баулып, этникалық қарым-қатынасты одан әрі нығайта түседі. Бидің де өз үні, өз тілі бар. Би де талғамды қажет етеді. Тілмен түсіндіре алмайтын жайтты сиқырлы қимыл ырғағымен жеткізуге болады. Өйткені онда терең философиялық ой жатады.
Дәстүр бойынша жыл сайын әлем халықтары осы күнді аса жоғары деңгейде атап өтеді. Әр елден жиналған би өнерінің иелері конкурстар өткізіп, оның атын жаңғырта түседі. Әркез өнерлеріңіз өрге озып, күндеріңіз сән-салтанатқа толы болсын! – деген лебізін жеткізді.
Аудандық оқушылар үйінің би үйірмесінің жетекшісі Гүлмариям Өтегенова бұл өнер әлемін қабылдаудағы талғампаздық тәрбие жайында сөз қозғады. Сондай-ақ білім және ғылым қызметкерлері кәсіподақ комитетінің төрағасы Әбілқасым Роман көркемдік талапты қажет ететін осы сала өнерпаздарына сәттілік тіледі.
Сахна төрінде мың бұрала би биленіп, тамылжыта ән шырқалды. Сонымен қатар бірқатар жастарға аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі мен білім бөлімінің Алғыс хаттары табысталып, естелік сыйлықтар тарту етілді.
Айнұр ЖИЫЛЫСҚЫЗЫ
23 сәуір 2019 ж. 3 010 0

Шұғыл хабарландыру!

04 қараша 2025 ж. 16

Толымды тарту

04 қараша 2025 ж. 125

Мәңгілік мұраның мекені

04 қараша 2025 ж. 104

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12
3456789
10111213141516
17181920212223
24252627282930