Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Ұлы далам, мен өзіңнен шабыт алам

Ұлы далам, мен өзіңнен шабыт алам

Аудандық оқушылар үйінде Елбасының “Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру” және “Ұлы даланың жеті қыры” мақаласына орай жасампаз Жастар жылының жариялануы аясында “Ұлы далам, мен өзіңнен шабыт алам!” атты 16-25 жас аралығындағы жас суретшілер байқауы болып өтті. Байқауға аудандық партия филиалы төрағасының бірінші орынбасары Қасқырбек Мәмбетжан, аудандық оқушылар үйінің директоры Қази Иманбаев, аудандық оқушылар үйінің “Бейнелеу өнері” үйірмесінің жетекшісі Ғалымжан Қабылов, аудандық партия филиалы аппаратының жауапты қызметкерлері мен БАҚ өкілдері қатысты.
Оған 18 талапкер өтініш білдіріп, өз шығармашылықтарын көрсетті. Қылқалам шеберлерінің өнерін бағалайтын қазылар алқасы бекітіліп, талапкерлер ереже бойынша 1 сағат 15 минутта өз қиялдарындағы суреттерді бейнеледі. Нәтижесінде бас жүлдені №102 мектептің 10 сынып оқушысы Жанерке Үргенішбай иемденді. Бірінші орын №266 мектеп-лицей оқушысы Назым Асылбек, екінші орын Қазалы көлік-техникалық колледжінің студенті Берік Бақытжан, үшінші орын Кәукей ауылынан келген Ақмарал Сұлтановаға берілді. Сондай-ақ байқауға қатысқан барлық талапкерлерге аудандық партия филиалының Алғыс хаты мен дипломы, сыйлықтар табыс етілді.
Гүлдәрі ИМАНАЛИЕВА,
«Нұр Отан» партиясы Қазалы
аудандық филиалының консультанты
29 қаңтар 2019 ж. 1 746 0

Тиісіп қоймады ғой

15 сәуір 2024 ж. 79

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930