Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » » Мереке мерейі – марапатпен

Мереке мерейі – марапатпен

Халықаралық әйелдер күніне орай Р.Бағланова атындағы аудандық мәдениет орталығында «Ана – өмірдің шуағы» атты салтанатты жиын өтті. Той иелерін құшақ жая қарсы алған мәдениет ошағынан шын мәнінде ерекше жылылық пен мейірімнің лебі есіп тұрғандай.
Кіреберіс дәлізден бастау алған бедерлі безендірудің соңғы нүктесі сахнада түйінделген. Төрдегі орналасқан алып экранның жан-жағын көмкере орналасқан әсем гүлдер ерекше үйлесімділік тапқан. Ондағы қазақы оюлар да сахна ажарын одан әрі аша түскендей.
Ауданның әр ауылынан шақырылған қыз-келіншектер мен аналарды аудан әкімі Мұрат Ергешбаев құттықтады. Ол өз сөзінде табиғат – ананы ұйқысынан оятып келетін аналар мерекесінің орны ерекше, мәні бөлек екеніне тоқталды.
– Қазір қоғамдық өмірдің кез келген саласын әйелдерсіз елестету мүмкін емес. Олар – геолог, олар – археолог, олар – педагог, олар – дәрігер, олар – құрылысшы, олар – металлург, олар – теміржолшы. Ауданымызда түрлі саладағы қызметкерлердің саны 12 мыңнан асса, оның 7 мыңға жуығы, яғни тең жартысын әйел адамдар құрайды. Сіздердің болашаққа деген сенімдеріңіз, өмірге деген құштарлықтарыңыз бүкіл Қазалы халқының көңіл-күйіне ерекше ықпал етеді. Оны ауданымыздың қазіргі кезеңдегі әлеуметтік-экономикалық, рухани-мәдени дамуы бағытындағы жүзеге асырылып жатқан іргелі істер мен тың серпілістерден көруге болады. Сондықтан өздеріңізге деген алғысымыз шексіз, қымбатты арулар. Сіздерді осынау мерекемен шын жүректен құттықтаймын, – деді аудан әкімі.
Салтанатты шара барысында аудан басшысы мерекеге орай бірқатар нәзікжандыларды облыс, аудан әкімінің «Алғыс» хаттарымен марапаттады. Олардың қатарында медицина, білім, қаржы және өзге де салаларда қажырлы еңбек етіп жүргендер бар. Сондай-ақ, бұл кешке жиналғандарға аудан әкімінің ықылас гүлі таратылды.
Мерекелік шара соңы қазалылық өнерпаздардың әсерлі де мазмұнды концерттік бағдарламасына ұласты.
Жеңісбек АЙЫМҚҰЛОВ.
13 наурыз 2018 ж. 1 457 0

Ұйымшыл ұжымның ұтары көп

14 желтоқсан 2024 ж. 43

Кент көркін келтіргендер

14 желтоқсан 2024 ж. 38

Бар жақсылық – балаға

14 желтоқсан 2024 ж. 39

Шәкірттер шамшырағын жаққан

14 желтоқсан 2024 ж. 38

Сұранысқа ие орталық

14 желтоқсан 2024 ж. 34

Жасындай жарқыраған Гүлсая

14 желтоқсан 2024 ж. 35

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031