Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » » Тіл – тәуелсіздік тірегі

Тіл – тәуелсіздік тірегі

Әйтеке би кенттік клубында аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі мен «Қазақ тілі» қоғамдық бірлестігінің ұйымдастыруымен «Ұлы дала тірегі – тіл» атты шара өтті.
Салтанатты кешке аудан әкімінің орынбасары Совет Бабанаев қатысып, жұртшылықты айтулы мерекемен құттықтады. Ол еркіндігіміз бен елдігіміздің негізгі тірегі – қазақ тілі екенін, оның ұлттың ауызбіршілігін сақтауда үлкен маңызға ие болып жүргенін жеткізді.
Мұнымен қатар, шараға рес­публикалық «Тіл сақшысы» газетінің жауапты хатшысы Ж.Аманов және аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің басшысы А.Лайық, аудандық «Қазақ тілі» қоғамдық бірлестігінің төрағасы А.Тамашев қатысып, көпшілікті мерекемен құттықтады.
Жиын барысында жоғарғы дәрежелі «Қазақ тілі» медалімен Темірбек Смайылов, Мұрат Бекмамбетов, Бәйтелі Ахмет секілді азаматтар марапатталды.
Ал, бірінші дәрежелі «Қазақ тілі» медалін Орақ Баубеков, Әбілхан Сәдіров, Сәкен Қабыловтар кеуделеріне тақты.
Сондай-ақ, шарада «Абай аманаты», облыс, аудан әкімдерінің «Алғыс хаттары», облыстық ішкі саясат басқармасының «Алғыс хаты», республикалық «Қазақ тілі» қоғамының «Құрмет грамоталары» өз иелерін тапты.
Аталмыш жиында әріптесіміз, аудандық «Қазалы» газетінің корректоры Гүлдана Жұмаханова да аудан әкімінің «Алғыс хатын» иеленді.

Е.ТАБЫНБАЕВ
21 қыркүйек 2018 ж. 2 099 0

Бау-бақшасы жайқалған

30 наурыз 2025 ж. 251

Жеңімпаз атанды

30 наурыз 2025 ж. 249

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Наурыз 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12
3456789
10111213141516
17181920212223
24252627282930
31