Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Саулық сақшысы

Саулық сақшысы

«Медицинадағы ең құнды қасиет – мейірім мен сабыр» деп бекерден бекер айтылмайды. Себебі медицина – мейірім мен жауапкершілікті қатар талап ететін қасиетті мамандық. Адам жанына араша түсіп, ананың амандығы мен сәбидің саулығын сақтауда ақ халатты абзал жандардың еңбегі қашанда ерекше. Осындай өз ісіне адал, кәсібіне жан-тәнімен берілген жандардың бірі – Майдакөл ауылының тумасы Гүлназ Тұрғамбаева.
Гүлназ Жылқаманқызы қарапайым еңбек пен тәрбиені бойына сіңіріп өскен. Ол жастайынан адам жанына шипа сыйлайтын медицина саласын таңдауды армандады.
№98 мектепте он бір жыл білім алып, мектеп қабырғасында-ақ жауапкершілігі және алғырлығымен ерекшеленді. Мектепті сәтті тәмамдаған соң, 2008-2011 жылдары М.Оспанов атындағы жоғары колледже білім алып, «Акушер ісі» мамандығы бойынша диплом иеленді.
Жас маман еңбек жолын 2011 жылдың 17 тамызында Қазалы теміржол ауруханасында акушерка болып бастады. Осы уақыттан бері медицина саласында абыройлы қызмет атқарып, талай ананың қуанышына ортақтасып келеді. «Отбасын жоспарлау және Жас ана мектебі» кабинетінде қызмет ете жүріп, аналарға ақыл-кеңес беріп, олардың денсаулығын бақылауда кәсіби шеберлігімен танылды. Әр науқасқа жанашырлықпен қарап, мейірім мен қамқорлықты қатар ұштастыра білген Гүлназ Жылқаманқызы көптеген жас ананың алғысына бөленді.
Ал 2024 жылдан бастап, Қазалы теміржол емханасы УДЗ кабинетінде мейіргер маманы ретінде еңбек етуде. Өз ісіне жауапкершілікпен қарайтын маман заманауи медицинаның қыр-сырын меңгеріп, кәсіби біліктілігін үнемі жетілдіріп келеді. Қай қызметте жүрсе де сабырлылығы, ұқыптылығы және адамгершілік қасиетімен әріптестері арасында сый-құрметке ие.
Жалпы еңбек өтілі 15 жылды құрайтын Гүлназ Жылқаманқызының еңбегі елеусіз қалған емес. Денсаулық сақтау саласындағы жемісті қызметі үшін бірнеше марапатқа ие болып, тұрғындардың ризашылығына бөленіп келеді.
Ақ халатты абзал жан білікті маман, сонымен қатар өнегелі отбасының ұйытқысы. Ол – аяулы жар, төрт баланың ардақты анасы. Қызмет пен отбасы жауапкершілігін қатар алып жүрген Гүлназ Жылқаманқызы жас мамандарға үлгі боларлық жан.
Медбикелер күні – адам денсаулығы жолында аянбай еңбек етіп жүрген жандарға көрсетілер құрметтің белгісі. Осы мерекеде Гүлназ Тұрғамбаева секілді мейірімі мол, жүрегі кең, өз ісіне адал медицина қызметкерлерінің еңбегі әрдайым жоғары бағалануға лайық. Олай болса, ақ халат абыройын асқақтатып жүрген жанның еңбегі жана берсін демекпіз.

Айнұр ҚАЗМАҒАМБЕТОВА
30 сәуір 2026 ж. 242 0

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Мамыр 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
25262728293031