Медицина мамандары марапатталды

Жиынды ашқан Қазалы ауданының әкімі Мұрат Ергешбаев әлемдегі ұлы мамандық иелерінің қоғамдағы маңызы ерекше екендігіне айрықша тоқталды.
– Сіздерге көрсетіліп жатқан мемлекеттік қолдаудың нәтижесінде ауданымызда денсаулық сақтау саласы едәуір дамуда. Оның дәлелі ретінде өткен жылы пайдалануға берілген аудандық аурухананы айтуға болады. Аймақ басшысы арнайы келіп іске қосқан аталмыш ғимарат бұл күнде ел игілігі жолында сапалы қызмет көрсетіп отыр. Оның ішіндегі жаңадан алынып жатқан түрлі медициналық құрал-жабдықтар аудан тұрғындарының денсаулығын жақсартуға оң ықпал етуде, – деді аудан әкімі.
Мұнан соң, салтанатты мерекеде өңіріміздегі медицина саласына елеулі еңбек сіңіріп жүрген мамандар “Нұр Отан” партиясы облыстық филиалының, денсаулық сақтау басқармасының, аудан әкімінің “Алғыс хаттарымен” марапатталды.
Есет ТАБЫНБАЕВ