Жеке қабылдауда тұрғындардың өтініштері қаралды
Бүгін аудан әкімі Алмасбек Есмаханов тұрғындарды жеке мәселелері бойынша қабылдап, азаматтардың өтініштері мен ұсыныс-пікірлерін тыңдады. Қабылдауға келген 22 тұрғын аудан басшысына өздерін толғандырған мәселелерін жеткізіп, олардың заңдылыққа сәйкес шешілуіне ықпал жасауды сұрады.Тұрғындардың басым көпшілігі тұрғын үй кезегі, тұрақты жұмысқа орналасу, көшелерді асфальттау, түнгі жарықтандыру, көпқабатты тұрғын үйдің ауласын ретке келтіру, кәсіпкерлік саласына қатысты мәселелерді көтерді.
Аудан әкімі әрбір өтінішті мұқият тыңдап, көтерілген мәселелер бойынша тиісті түсініктемелер берді. Сондай-ақ, азаматтардың өтініштерін жан-жақты зерделеп, заң талаптарына сәйкес шешу жолдарын қарастыру жөнінде жауапты сала басшыларына нақты тапсырмалар берді.
Жеке қабылдауда аудан басшысы Әйтеке би кентіндегі Қыз жібек көшесіне асфальттау мәселесіне қатысты аудандық тұрғын үй коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің тапсырысы бойынша Қыз Жібек көшесі мен басқа да бірқатар көшелерді күрделі жөндеуден өткізу жұмыстарына жоба әзірленіп, сараптама қорытындысы алынғанын, қажетті қаржы көлемі бөлінген жағдайда тиісті жұмыстар жүргізу жоспарда бар екендігін жеткізді. Сондай-ақ қысқы мұз айдынын ашу мәселесі бойынша жүгінген тұрғынның мәселесіне қатысты тиісті сала басшыларына кент ішінен арнайы орынды анықтап беріп, қолдау көрсетуді тапсырды.Аудан әкімі тұрғындар тарапынан айтылған өтініштер назардан тыс қалмайтынын айтып, әрбір мәселе бойынша жауапты мекемелерге нақты тапсырмалар берді.














