Қазақстанда доллар бір күнде 4 теңгеге арзандады
Фото: PexelsҚазақстанда доллар бағамы бір күнде 4 теңгеге арзандады. 6 қарашадағы сауда қорытындысы бойынша америкалық валюта 447 теңге деңгейіне түсті. Бұл туралы Stan.kz хабарлайды.
Қазақстан қор биржасындағы күндізгі сауда нәтижесінде доллардың орташа сараланған бағамы 447,14 теңге болды. Алдыңғы сауда күніндегі көрсеткішпен салыстырғанда 4,02 теңгеге арзандаған.
Ұлттық банктің 6 қарашаға белгілеген ресми бағамы – 1 доллар үшін 451,87 теңге.
Алматы мен Астанадағы айырбастау пункттеріндегі доллар бағамы
Алматыдағы айырбастау пункттерінде долларды орта есеппен 447,55 теңгеден сатып алып, 449,44 теңгеден сатып жатыр.
Астанадағы айырбастау пункттерінде америкалық валютаның орташа сатып алу бағамы – 446 теңге, сату бағамы – 453 теңге.
Базалық мөлшерлеме мен теңге бағамы
23 қазанда Ұлттық банк базалық мөлшерлемені жылдық 16,25 пайыздан 15,75 пайызға дейін төмендетті. Бұл – 2026 жылғы маусымнан бері қатарынан төртінші рет төмендетілуі. Сол кезде базалық мөлшерлеме 18 пайыз болған. Реттеуші шешімін жылдық инфляцияның баяулауымен байланыстырды. Қыркүйекте инфляция 9,3 пайызға дейін төмендеген.

Сонымен қатар Ұлттық банк мәліметінше, қазан айының қорытындысында теңге бағамы 3 пайызға әлсіреген. Реттеуші қысқа мерзімде валюта бағамына нарық қатысушыларының күтулері, салық төлемдері, әлемдік нарықтағы ахуал және геосаяси жағдай әсер етуі мүмкін екенін айтқан.
Айта кетейік, бұған дейін сарапшылар 2027 жылы доллар бағамы қандай болатынын болжаған болатын.