Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Білім мен парасат бәйгесі

Білім мен парасат бәйгесі

Қызылорда облыстық мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының ұйымдастыруымен өтіп жатқан «Үздік оқырман – 2026» облыстық байқауы – өңіріміздегі рухани өмірдің айтулы оқиғасына айналды. Ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Кітап оқу мәдениетін дамыту және зерделі ұлт қалыптастыру жөніндегі шаралар туралы» Жарлығы мен «Кітап оқитын ұлт» жобасы аясында қолға алынған ауқымды шара қоғамдағы кітап оқу мәдениетін жандандырып, оқырмандардың көркем әдебиетке деген қызығушылығын арттыруды мақсат етуде.
Үш кезеңнен тұратын зияткерлік доданың алғашқы іріктеуі қыркүйек айында өтіп, қатысушылар Оралхан Бөкейдің «Ұйқым келмейді» шығармасы бойынша бақ сынаған болатын. Екінші кезеңде қатысушылар Тынымбай Нұрмағанбетовтің «Періштелердің өлімі» және Смағұл Елубайдың «Ақ боз үй» романдары негізінде әзірленген тест тапсырмаларын орындап, шығармалардың түпкі төркініне бойлады.
Байқаудың деңгейі мен мазмұндылығын бағалау алқасына ақын Қаршыға Есімсейітова төрағалық етті. Сондай-ақ қазылар құрамында Ә.Тәжібаев атындағы облыстық әмбебап ғылыми кітапханасы қызметкерлері Айгүл Жанғабылова, Гүлжан Юсупова, жазушы, журналист-зерттеуші Нұрсұлтан Мықтыбай, ардагер-ұстаз Айжаһан Ысқақ, ұстаз Эльмира Ержанова болды.
Іс-шараның салтанатты ашылу рәсімінде сөз алған Қазалы ауданының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің басшысы Абай Дидаров республикалық деңгейде бастау алған игі бастаманың Қазалы ауданында да өз жалғасын тауып, жоғары деңгейде жүзеге асып жатқанын атап өтті. Абай Әнесұлы өз сөзінде жас ұрпақтың санасын оятып, кітапқа деген сүйіспеншілікті арттырудың маңызына тоқталды.
– Ел Президентінің бастамасымен қолға алынған «Кітап оқитын ұлт» республикалық шарасы – бүгінгі қоғам үшін аса маңызды, ұлттың болашағын айқындайтын игі қадам. Бұл бағыттағы жұмыстар Қазалы ауданында да қарқын алып, өз деңгейінде жүзеге асып келеді. Мұның айғағы – бүгінгі сайысқа қатысуға ниет білдірген талантты да зерек жастарымыздың қарасы қалың екендігі. Кітап – адам баласының ақыл-ой қазынасы, сарқылмас рухани байлық. Бүгінгі бәсекеде әрқайсыңыз өз білімдеріңіз бен оқырмандық мәдениеттеріңізді көрсете білесіздер деп сенемін. Бұл сайыста жеңіліс табу деген ұғым жоқ, өйткені кітаппен дос болған жан әрдайым жеңімпаз атанады. Баршаңызға сәттілік тілеймін, өнерлеріңіз өрге жүзсін! – деп қатысушыларға сәттілік тілеп, ізгі лебізін білдірді.
Аталмыш кезеңге облыс бойынша 94 оқырман қатысып, соның ішінде үздік нәтиже көрсеткен 40 оқырман келесі кезеңге жолдама алды. Байқау қорытындысы бойынша белсенділік танытқан бірқатар қатысушылар ынталандыру сыйлықтарымен малапатталды.
Осы бәсекеде бақ сынаған Бірлік ауылдық клубының әдіскері, кітапхананың белсенді оқырманы Нұрсұлтан Жүсіпбек біліктілігі мен ізденімпаздығын танытып, байқаудың Бас жүлдесін жеңіп алды. Жеңімпазға 50 000 теңгенің арнайы сертификаты табысталды. Бірінші, екінші орындарды Раиса Рахмет, Айнұр Оразалы еншіледі. Үшінші орын Ақмарал Қоңқаеваға бұйырды.
Білім мен парасат бәйгесінің шешуші әрі соңғы кезеңінде аудандар мен Қызылорда қаласынан оқ бойы озып шыққан ең үздік жеңімпаздар Ә.Тәжібаев атындағы облыстық кітапханада бас қосады.

Алтын ӘДІЛХАНҚЫЗЫ
07 қараша 2026 ж. 13 0

Арғымақ баптаған ару

07 қараша 2026 ж. 15

Еріктілік – ерен іс

07 қараша 2026 ж. 14

Оқуға құштар оқушылар

07 қараша 2026 ж. 16

Өнер – өмірінің өзегі

07 қараша 2026 ж. 21

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
30