Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Үздіктер қатарындағы үлгілі ұжым

Үздіктер қатарындағы үлгілі ұжым

Әйтеке би кентінің шығыс жағында қоныстанған тұрғындардың өтінішімен 2017 жылы 300 орындықтық білім ордасының іргетасы қаланған болатын. Ғимарат талапқа сай жабдықталып, 2018 жылы тамыз айында сол уақыттағы облыс әкімінің орынбасары Серік Қожаниязов мектеп директоры Мейрамбек Жұмашовқа білім ордасының кілтін табыстады.
Жаңа мектеп ауласында 1 қыркүйек – білім күніне орай аудан әкімі Мұрат Ергешбаевтың қатысуымен «Сыңғырла күміс қоңырау» атты салтанатты жиын өтіп, 316 оқушы мектеп табалдырығын аттады. Білім ордасының ашылуына облыс әкімі 1 интерактивті тақта, аудан әкімі 1 интерактивті тақта, аудандық білім бөлімі 3 интерактивті тақтаны сыйға берді. Мектептің оқу-әдістемелік кеңесі жанынан жаңартылған білім мазмұны бойынша І-ІІІ деңгей оқыған мұғалімдер арасында тәжірибе алмасу мақсатында «Сенім көкжиегі» атты қауымдастық құрылып, пән мұғалімдерінен жасақталған 5 әдістемелік бірлестікке 5 интерактивті тақта қолдануға берілді.
Мектепте 18 пән кабинеті, 2 информатика, 1 лингофон, қыз балалар мен ер балаларға арналған 2 шеберхана, 521 шаршы метрді құрайтын спорт зал, спорт алаңы, кітапхана, АКТ залы, 100 орындық асхана бар. Жаратылыстану-математика бағытына сәйкес химия, биология, физика кабинеттері мен зертханалық кабинеттер толықтай қажетті құралдармен жабдықталған. Қазіргі таңда пән мұғалімдері кезекші топ оқушыларымен және 5 оқушыдан аспайтын үйірме жұмыстарын тыңғылықты түрде жұмыс жүргізуде.
– Қазіргі білім беру жүйесінің мақсаты – бәсекеге қабілетті маман дайындау. Мектеп – үйрететін орта болса, оның жүрегі – мұғалім. Ізденімпаз мұғалімнің шығармашылығындағы ерекше тұс – оның сабақты түрлендіріп, тұлғаның жүрегіне жол таба білуі. Ұстаз атана білу, оны қадір тұту, қастерлеу, арындай таза ұстау – әр мұғалімнің борышы. Ол өз кәсібін, өз пәнін, барлық шәкіртін, мектебін шексіз сүйетін жан. Біздің ұстаздарымызда шәкірт жүрегінен жола таба біледі. Мұғалімдердің барлығыдерлік тәжірибесі толысқан, мақтаулы мамандар. Мектепте 64 педагог жұмыс жасайды. Алғашқы кездері 47 педагог, оның басым көпшілігі жас мамандар еді. Қазір таңда зерттеуші мен сарапшының үлесі 32 пайызға жетті, – дейді мектеп директоры Дархан Алдабергенов.
Ұжымның қажырлы еңбегі пен жүйелі дамуының нәтижесінде 8 жылдық қана тарихы бар білім ордасы үлкен белесті бағындырды. Республиканың ең үздік 100 мектебінің құрамына енді.
Жетістіктер жайлы мектеп директорының бейінді оқыту ісі жөніндегі орынбасары Нұргүл Тұяқбаева: «Ұстаздар мен шәкірттердің жеткен жетістіктері жетерлік. Республикалық деңгейдегі белестерді айтайын. Олимпиадалық шыңдарды бағындыру жолында Ауыл мектептеріне арналған республикалық пәндік олимпиадада оқушымыз Ерасыл Жеткерген тарих пәнінен қатысып, (жетекшісі – тарих пәнінің мұғалімі Раушан Қазбаева), зияткерлік додада мектеп намысын абыроймен қорғап, ерекше дарындылығын көрсетті. Бұл мәртебелі жетістік – әрбір ұстаздың қосқан үлесі мен білім сапасын арттыру жолындағы ізденісінің ортақ жеңісі.
Сонымен қатар, білім ордасының тарихында алтын әріптермен жазылатын ерекше тарихи сәт 2025-2026 оқу жылында мектеп түлектерінің 100 пайыз мемлекеттік грант иегері атануы болды. Бұл – мектеп қабырғасында берілген сапалы білімнің, дұрыс кәсіптік бағдардың және ата-ана, оқушы мен ұстаз үштігінің бірлескен қажырлы еңбегінің шынайы дәлелі», – деді.
Ауызбірлігі мығым ұжым білім ордасын елдегі алдыңғы қатарлы мектептердің бірі де бірегейі етуді басты мақсат етіп отыр. Шәкірттерді түрлі деңгейдегі білім додаларына баулып, оларды жан-жақты етіп тәрбиелеу, жетістіктерін республикалық қана емес, халықаралық дәрежеге жеткізуді көздеген ұстаздар өз біліктіліктерінде ұдайы жетілдіріп отырады.

Ұлболсын ТАЛАПБАЕВА

07 қараша 2026 ж. 11 0

Оқуға құштар оқушылар

07 қараша 2026 ж. 1

Өнер – өмірінің өзегі

07 қараша 2026 ж. 7

6 қарашаға валюта бағамы

06 қараша 2026 ж. 118

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
30