Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Алматыда күн жылынады, Астанада жаңбыр жауады

Алматыда күн жылынады, Астанада жаңбыр жауады

Сурет: depositphotos.com
Алматыда біртіндеп күн жылынады: 9 қарашада, дүйсенбіде ауа температурасы +22 градусқа дейін көтеріледі. Ал Астанада алдағы үш күнде жаңбыр жауып, кей жерлерде желдің екпіні секундына 20 метрге дейін жетеді, деп хабарлайды Tengrinews.kz Қазгидрометке сілтеме жасап.
Алматыда ауа температурасы +22 градусқа дейін көтеріледі
Алматыда үш күн бойы күн құбылмалы болады, жауын-шашын жаумайды.
Сенбі, 7 қарашаға қараған түні ауа температурасы +3...+5 градус, күндіз +16...+18 градус болады. Түнде және таңертең тұман түсуі мүмкін.
8 қарашада Алматыда ауа температурасы +18...+20 градусқа дейін көтеріледі. Түнде +5...+7 градус болады.
Дүйсенбі, 9 қарашада күн одан әрі жылынады. Түнде +10...+12 градус, күндіз +20...+22 градус болады.
Астанада жаңбыр жауып, жел күшейеді
Елордада демалыс күндері және келесі аптаның басында жаңбыр жауады. 7 қарашаға қараған түні және күннің бірінші жартысында, 8 қарашада кешке, сондай-ақ, 9 қарашада ауық-ауық жауын-шашын болжанып отыр.
Сенбі, 7 қарашаға қараған түні ауа температурасы +3...+5 градус, күндіз +7...+9 градус болады.
8 қарашаға қараған түні ауа температурасы -3...-5 градусқа дейін төмендейді. Күндіз +7...+9 градусқа дейін жылынады.
Дүйсенбі, 9 қарашада түнде +4...+6 градус, күндіз +9...+11 градус болады. Жел бағытын өзгертіп, екпіні секундына 15-20 метрге дейін жетуі мүмкін.
Қазақстанда күн +27 градусқа дейін жылынады
Бұған дейін синоптиктер алдағы үш күнде Қазақстанда ауа райы күрт өзгеретінін хабарлаған еді. Елдің оңтүстігінде ауа температурасы +27 градусқа дейін көтерілгенімен, республиканың басым бөлігінде жаңбыр, қар жауады. Кей өңірлерде қатты жауын-шашын жауып, тұман түсіп, көктайғақ болып, жел күшейеді. Толық болжамды мына жерден оқи аласыздар.
06 қараша 2026 ж. 123 0

6 қарашаға валюта бағамы

06 қараша 2026 ж. 105

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
30