Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Өнер – өмірінің өзегі

Өнер – өмірінің өзегі

Қазалы қалалық мәдениет үйінің ұйымдастыруымен жуырда «Еңбек даңқы» төсбелгісінің иегері, әнші Асылбек Көшербаевтың 55 жас мерейтойына орай «Бақытын тапқан өнерден» атты шығармашылық кеш өтті.
Кеш барысында Асылбек Көшербаев «Қазалы» вокалды-аспаптар ансамблімен бірге жанды дауыста ән шырқап, ата-анаға құрмет, достық пен өмірдің мәнін арқау еткен әсем әндерімен көрерменге көтеріңкі көңіл күй сыйлады.
Мерекелік шараға Қазалы ауданы әкімінің орынбасары Жәнібек Әлиев қатысып, аудан әкімінің құттықтауын жеткізді. Сондай-ақ Қазалы қаласының әкімі Қайрақбай Орынбасаров өнер иесіне ізгі тілегін білдіріп, сый-сияпатын табыстады.
Асылбек Көшербаевтың өнерге деген ықыласы мектеп қабырғасында жүрген кезінен басталған. Жас күнінен түрлі байқауларға қатысып, талантымен танылған ол Алматы қаласында өткен «Студент көктемі» байқауының жүлдегері атанды. Сондай-ақ «Наурыз думан», «Кеш жарық» телебағдарламаларына қатысып, өнерін қалың көрерменге танытты.
1994 жылдан бері мәдениет саласында еңбек етіп келе жатқан Асылбек Көшербаев ел руханиятына өзіндік үлесін қосып жүр. Әншілік өнермен қатар, театр сахнасында да танылып, түрлі спектакльдер мен қойылымдарда басты рөлдерді сомдады. Сахнадағы сырлы саз бен театрдағы бейнелі өнерді қатар алып жүрген ол талай жылдық еңбегімен көрермен ықыласына бөленіп келеді.
А. ЖҮСІПОВА
07 қараша 2026 ж. 16 0

Арғымақ баптаған ару

07 қараша 2026 ж. 0

Еріктілік – ерен іс

07 қараша 2026 ж. 9

Оқуға құштар оқушылар

07 қараша 2026 ж. 11

Өнер – өмірінің өзегі

07 қараша 2026 ж. 17

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
30