Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Оқуға құштар оқушылар

Оқуға құштар оқушылар

Кітап – адамзаттың рухани қазынасы, білім мен тәрбиенің қайнар көзі. Кітап оқыған ұрпақтың ой-өрісі кеңейіп, дүниетанымы қалыптасып, болашаққа деген көзқарасы нығаяды. Сондықтан өскелең ұрпақтың кітап оқуға деген қызығушылығын арттыру – бүгінгі күннің маңызды міндеттерінің бірі.
Осы бағытта Ы.Алтынсарин атындағы №204 орта мектеп кітапханасында «Зерделі ұлт – оқымысты ұлт» марафоны жүйелі түрде жүзеге асырылып келеді. Марафон аясында жоспарланған жұмыстар уақытылы жүргізіліп, оқушылардың кітап оқуға деген ынтасын арттыруға, көркем әдебиетке қызығушылығын оятуға және тұрақты оқу мәдениетін қалыптастыруға ерекше көңіл бөлінуде. Мектеп директоры Мейрамбек Жұмашевтың айтуынша, кітапқұмар шәкірттер жыл санап артып келеді. Кітапхана қорыда толық. Көркем әдебиеттер жетерлік.
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев өз сөздерінде кітап оқудың, білім мен ғылымды дамытудың маңыздылығын үнемі атап өтіп келеді. Кітап оқу – жастардың зияткерлік әлеуетін арттырып, саналы әрі білімді азамат болып қалыптасуына жол ашатын маңызды құндылық.
Марафон барысында оқушылар жас ерекшеліктеріне сай көркем шығармаларды оқып, оқыған кітаптары бойынша өз ойларын ортаға салып, пікір алмасып, әдеби кейіпкерлердің іс-әрекеттеріне талдау жасауда. Мұндай жұмыстар оқушылардың сөздік қорын молайтып қана қоймай, өз ойын еркін жеткізуге, сыни тұрғыдан ойлауға және рухани дамуына ықпал етеді.
– Мектеп кітапханасы – білім мен тәрбиенің ордасы, оқырман мен кітапты байланыстыратын алтын көпір. Біздің басты мақсатымыз – кітапты өмірлік серік еткен, ізденімпаз, зерделі, рухани бай ұрпақ тәрбиелеу. Кітап оқитын ұлт – кемел келешектің кепілі. Білімді ұрпақ – ел болашағы. Қазіргі таңда оқушылардың кітап оқуға деген қызығушылығы артып келеді. Мәселен онлайн сайысқа қатысты зерделі оқырман 2026 байқауында 20 оқушы бірінші және екінші дәрежелі диплом алды. Бұл көрсеткіш алдағы уақытта артады деген сенімдемін, – дейді кітапхана меңгерушісі Ұлдана Ақбай.

Ұ.ЕРБОЛҚЫЗЫ
07 қараша 2026 ж. 11 0

Арғымақ баптаған ару

07 қараша 2026 ж. 0

Еріктілік – ерен іс

07 қараша 2026 ж. 9

Оқуға құштар оқушылар

07 қараша 2026 ж. 12

Өнер – өмірінің өзегі

07 қараша 2026 ж. 17

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
30