Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Құрылыс барысы бақылауда

Құрылыс барысы бақылауда

Ауданда халықтың әлеуметтік жағынан осал топтарын баспанамен қамту бағытындағы жұмыстар жүйелі түрде жүзеге асырылуда. Биыл ауданда осы санаттағы азаматтарға арналған 50 пәтерлі 21 тұрғын үйдің құрылысы жүргізілуде.
Жуырда аудан әкімі Алмасбек Есмаханов тиісті сала басшыларымен бірге құрылыс нысандарын аралап, ондағы жұмыстардың барысын көрді.
Қазіргі таңда тұрғын үйлерде ішкі және сыртқы әрлеу, есік-терезелерді орнату жұмыстары жалғасуда. Сонымен қатар ғимараттардың сыртын арнайы материалдармен қаптау және инженерлік желілерге қосу жұмыстары жүргізілуде.
Аталған тұрғын үйлер Әйтеке би кентіндегі Жеті Ишан көшесінің бойында, 5-квартал аумағындағы Қали Медетбаев көшесінде және Қазалы қаласындағы Үрмәш Түктібаев көшелерінің бойында орналасқан.
Аудан басшысы құрылыс жұмыстарының қарқыны мен сапасына назар аударып, мердігер мекеме өкілдеріне анықталған кемшіліктерді жедел түзетуді, барлық жұмысты құрылыс талаптарына сай әрі жеделдетуді тапсырды.

«ҚАЗАЛЫ» ақпарат
07 қараша 2026 ж. 5 0

Арғымақ баптаған ару

07 қараша 2026 ж. 0

Еріктілік – ерен іс

07 қараша 2026 ж. 9

Оқуға құштар оқушылар

07 қараша 2026 ж. 11

Өнер – өмірінің өзегі

07 қараша 2026 ж. 17

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
30