Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Мерекелік құттықтау

Мерекелік құттықтау

Құрметті денсаулық сақтау саласының қызметкерлері!
Сіздерді кәсіби мерекелеріңіз – медицина қызметкерлері күнімен шын жүректен құттықтаймын!
Бұл күн құрмет пен алғысқа бөленген Гиппократ антына адал ақ халатты абзал жандардың мерекесі. Үмiтке үмiт жалғап, деннің саулығын, ғұмырдың ұзақтығын сабақтастырып жататын осы дәрігерлер қауымы. Науқастардың дертіне дауа сыйлаушы, әрбір емделушінің жағдайын жасап, олардың тез жазылуына септесіп жүрген олардың еңбегі ерекше.
Аудандағы Қазалы теміржол ауруханасы мен жаңа ғимаратқа көшкен ауданаралық аурухана да заманауи медициналық аппараттармен қамтамасыз етілген. Осындай соңғы үлгідегі жаңа медициналық технологиялардың енгізілуі аудан тұрғындарының денсаулығын жақсартуға оң ықпал етуде.
Ардақты дәрігерлер!
Қымбатты сала мамандары!
Сіздерді кәсіби мерекелеріңізбен тағы да құттықтай отырып, төгілген тер, танытқан төзімдеріңізге алғыс айтамын. Алдағы уақытта да көптің ризашылығына бөленіп, ел өмірінің жақсаруына өз үлестеріңізді қоса берулеріңізге тілектеспін.
Шипалы қолдарыңыздан емін тапқан азаматтар көп болсын. Отбасыларыңызға, өздеріңізге амандық, саулық тілеймін.
Мемлекетіміздің медицина саласына адал қызмет етіп, абыройлы болыңыздар. Еліміздің бүгіні баянды, ертеңі нұрлы, келешегі келбетті болсын!
Құрметпен,
Қазалы ауданының әкімі
Мұхтар ОРАЗБАЕВ
19 маусым 2021 ж. 2 001 0

Егемен елге еге – мен!

25 қазан 2025 ж. 117

Елімен бірге есейген

25 қазан 2025 ж. 108

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қазан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031