Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Өнерлеріңіз өрге жүзсін

Өнерлеріңіз өрге жүзсін

Құрметті мәдениет және өнер қызметкерлері!Қадірлі сала ардагерлері!
Сіздерді кәсіби мерекелеріңіз – мәдениет және өнер қызметкерлері күнімен шын жүректен құттықтаймын.
Кез келген мемлекеттің, қоғамның қалыптасуы мен даму көрсеткішіне мәдениеттің қосар үлесі зор. Өркениет өлшемі, халық қазынасы саналатын осы саланың мамандары мен ардагерлерінің шығармашылық еңбектері халыққа қашан да қажет. Елбасының «Мәдениеті өскен ел – өркениетке көшкен ел» деуі соның айғағы.
Қазыналы Қазалы жері де ежелден өнер қонған киелі қоныс. Қасиетті топырақтан талай айтулы өнер тұлғалары өсіп-өнгені баршаға аян. Бүгінгі күні солардың сара жолын жалғастырып, өңіріміздің өнері мен мәдениетіне сүбелі үлес қосып жүрген азаматтар аз емес. Киелі өнер жолында туған жердің атын шығарып, биік тұғырдан көрсетіп жүрген жерлестеріміз де жетерлік.
Алдағы уақытта да сала қызметкерлерінің шығармашылық ізденістері ауданымыздың мәдениеті мен өнерін дамытуға бағытталатынына сенімдімін.
Осындай жауапты жұмыстағы баршаңызға зор денсаулық, отбасыларыңызға амандық, сарқылмас шабыт, жаңа жетістіктер тілеймін!
Ізгі ниетпен,
Қазалы ауданының
әкімі Мұрат ЕРГЕШБАЕВ
19 мамыр 2020 ж. 1 602 0

Тазалық-өмір айнасы

24 сәуір 2024 ж. 106

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930