Ұлы Отан соғысының отты жылдары тарихта айрықша орын алды. Сол кездерде туған өлеңдер мен әндер де жүректерде жатталды. Әсіресе, елге, туған жерге, отбасына деген сағыныш сазы әуелеген лирикалық әндер көп болды. Жалпыхалықтық сипат алған тәуелсіздік, бостандық, азаттық жырлары ел мен майдан даласында әуелете...
Ел жолында қасық қаны қалғанша шайқасып, сайын дала төсінде қалыптасқан атамекеннің әрбір сынық сүйем жерін кеудесімен қорғаған қаһарман хандарды, қол бастаған сардарлар мен батыр бабаларды, елдің ынтымағын даналығымен ұйытып ұстаған би-шешендерді үзбей насихаттау – өскелең ұрпақты тәрбиелеу құралы болып...
1941 жылдың 22 маусымында Германияның Кеңес одағына шабуыл жасағаны жөніндегі хабарды оқыған радиодиктордың «Біздің ісіміз әділ. Жау талқандалады. Біз жеңеміз» деген даусы барша халықтың бойындағы үрейді сейілтіп, жеңіске деген жігерін оятқан. Төрт жыл бойы күн сайын оның майдандағы жаңалықтарын қан құйлы...
Қанша үйдің ұрлап адамын, Қанша үйде сөніп қалды оттар. Көрдің бе ұлын ананың, Соғыстан қайтқан солдаттар? Біз бейбіт өмірдің бесігінде тербеліп өстік. Соғыс көрмеген ұрпақпыз. Тек қан майданда шайқасқан ата-әкелеріміздің басынан өткенін естіп, соғыстың салқын лебін сезінеміз. Жүректі тербеп, көзге еріксіз...
Өткен жылы Қызылорда облысында айдың күні аманында 49 адам суға батып кетті. Оның 24-і әлі кәмелет жасқа тола қоймаған өрімдей жас жеткіншектер еді. Бұдан бөлек, жанынан жанашыры табыла қойған 16 адам ажал аузынан қалды. Бірақ мұндайда кез келген адам басын бәйгеге тікпейтініне түсіне қарау керек. Былтыр...
Тамылжыған тамыз айы. Кеш қарая бастағанда қатарласа орналасқан барақ тамдарды жағалап ат арба келе жатты. Ондағы жолаушылар ауылдағы шеткі үйге тоқтаған кезде көліктен секіріп түскен жауынгер жігіт жан-жағына қарап, қарсы беттегі адамнан: «Жаманқұловтардың шаңырағы қай маңда?» – деп сұрады. Сол сәтте...
Елу миллионнан астам өмірді жалмаған екінші дүниежүзілік соғыс әр қазақ отбасы үшін де орны толмас қайғы-қасірет әкелді. Қазақстаннан екі миллионға жуық түрлі ұлт өкілдері әскер қатарына шақырылды. Майдан даласынан 394 мың қазақ жауынгері қайтпай қалды. Бірінің әкесі, бірінің ағасы қаза тапты. Отан қорғауға...
Кеше Қызылорда қаласындағы бұрынғы Т.Шевченко атындағы көшеге Кеңес Одағының батыры Үрмәш Түктібаевтың есімі берілді. Кеңес Одағы батырының атына көше беру және ескерткіш тақтаның ашылу шарасына ҚР Парламенті Сенатының депутаты Мұрат Бақтиярұлы, Қызылорда қаласы әкімінің орынбасары Жанмұрат Сейілов, облыстық...
Ұлы Отан соғысында ел үшін отқа түссе де, ерлігі еленбеген, ең сорақысы мойындалмаған қазақ батырлары көп-ақ. Солардың бірі – қанды майданда фашистерге тойтарыс берген, сұм соғыстың нүктесін қойған, Берлиндегі Рейхстагқа жеңіс туын тіккен қазақ ері Рақымжан Қошқарбаев. Әйтсе де, оған Берлин шабуылының...