Топ-баннер
Топ-баннер2
Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Үкімет медициналық қызмет көрсету сапасын арттыру жөніндегі кешенді жоспарды бекітті

Үкімет медициналық қызмет көрсету сапасын арттыру жөніндегі кешенді жоспарды бекітті

Үкімет медициналық қызмет көрсету сапасын арттыру жөніндегі кешенді жоспарды бекітті
Фото: istockphoto.com
Тиісті қаулыға Премьер-министр Олжас Бектенов қол қойды. Үкімет Мемлекет басшысының «Жасанды интеллект дәуіріндегі Қазақстан: өзекті мәселелер және оны түбегейлі цифрлық өзгерістер арқылы шешу» атты Қазақстан халқына Жолдауында берілген тапсырмаларын орындау мақсатында Қазақстан Республикасында медициналық көмектің сапасын басқаруды жетілдіру жөніндегі 2026–2030 жылдарға арналған кешенді жоспарын бекітті, деп хабарлайды Jambylinfo.kz

Тиісті қаулыға Премьер-министр Олжас Бектенов қол қойды.
Құжат деректерге, цифрлық құралдарға, жасанды интеллект технологияларына негізделген медициналық қызметтердің сапасын бақылаудың және басқарудың заманауи үлгісіне көшуге бағытталған.
Жоспар медициналық көмектің сапасы мен қауіпсіздігін тұрақты түрде жақсартуға, процестердің ашықтығын қамтамасыз етуге және реттеудің тиімділігін арттыруға бағытталған бірқатар жүйелі шараны жүзеге асыруды қамтиды.
Негізгі мақсат – пациент медициналық қызметтердің сапасын бағалау және бақылау процестерінің белсенді қатысушысына айналатын модель қалыптастыру.
Құжатта жүйені дамытудың төрт стратегиялық бағыты анықталған:
медициналық қызмет көрсету саласындағы реттеуші құралдарды жаңғырту;
жасанды интеллект технологияларын қолдана отырып, сапа сараптамасының жаңа моделін қалыптастыру және Ұлттық сапа институтын құру;
кәсіби медициналық қоғамдастық пен пациенттердің рөлін күшейту;
сапаны басқару жүйесінің цифрлық трансформациясы.
Жоспарды жүзеге асыру медициналық көмектің сапасын реттеудің бірыңғай жүйесін қалыптастыруға, медициналық ұйымдар қызметінің ашықтығын арттыруға және басқарушылық шешімдерді объективті деректер негізінде қабылдауға мүмкіндік береді.
Соның нәтижесінде 2030 жылға қарай медициналық қызметтер сапасының негізгі көрсеткіштерін жақсарту көзделіп отыр.
Сапаны басқару жүйесіне цифрлық трансформация жүргізіледі. Атап айтқанда, профилактикалық бақылау жүйесін енгізе отырып, сарапшының автоматтандырылған жұмыс орны құрылып, лицензиядан кейінгі бақылау процестері цифрландырылады.
Заңнамалық өзгерістер аясында 2028 жылдан бастап ТМККК және МӘМС аясында қызмет көрсететін медициналық ұйымдарды міндетті аккредитациялау талабын енгізу, сондай-ақ аккредитациядан кейінгі мониторинг жүргізу ісін цифрландыру жоспарланып отыр.
Медициналық ұйымдарды лицензиядан кейінгі мониторинг қамту деңгейі 70%-ға жетеді, ал олардың кемінде 80%-ы жаңа стандарттар бойынша аккредиттеледі.
Сонымен қатар Денсаулық сақтауды дамытудың ұлттық ғылыми орталығы базасында әдіснамалық және талдамалық орталық функцияларын атқаратын Ұлттық сапа институтын құру жоспарлануда.

Институт қызметі Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының техникалық қолдауымен жүзеге асырылып, Қазақстанда пациенттердің қауіпсіздігі бойынша халықаралық деңгейде мойындалған үздік стандарттарды енгізуге мүмкіндік береді.
Бұдан бөлек, медициналық көмектің сапасын басқару процестерінде медициналық қауымдастық пен пациенттердің рөлін күшейту көзделген. Кәсіби бірлестіктер сапаны тәуелсіз сараптауға және мамандардың клиникалық ойлауын бағалауға тартылады. Сонымен қатар пациенттерді қолдау қызметін цифрландыру азаматтардың өтініштеріне нақты уақыт режимінде жедел жауап беруге мүмкіндік береді.

Сондай-ақ 2028 жылға дейін медициналық көмек көрсету стандарттары мен ережелерін толығымен цифрландыру және 2027 жылы сапа сараптамасының үш компонентті моделін енгізу жоспарлануда. 2028 жылға қарай медициналық көмектің сапасы мен көлемін бақылау жағдайларының кемінде 20%-ы жасанды интеллект технологияларын қолдану арқылы жүзеге асырылады.

Жоспарды жүзеге асыру жүйенің барлық қатысушысының іс-қимылын үйлестіруді қамтамасыз етеді, сапаны басқарудың ашықтығы мен тиімділігін арттыруға мүмкіндік береді.
13 наурыз 2026 ж. 81 0

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Наурыз 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031