Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Туған жері ту көтерді тұлғасын

Туған жері ту көтерді тұлғасын

Жарты әлемге соғыс өртін жайғанда,
Атағы алыс кетті оның айдан да.
Қазалыдан шыққан қара домалақ,
Қазағының шығарды атын майданда.

Алғы шепте талай атой салады.
Ерлік ісі аңыз болып тарады.
Отан үшін опат болды ғазиз жан,
Ер есімі ел есінде қалады.

Кешіп жүріп қан майданда тамұқты,
Қайсар қазақ жанқиярлық танытты.
Жауынгердің батырлығын бағалап,
Кеудесіне “Алтын жұлдыз” тағыпты.

Ол қорғаған жерде жатыр көктеп нәр,
Ерлігін де бауырлас ел екшепті әр.
Латвияда, Нирза атты қыстақта,
Түктібаев атындағы мектеп бар.

Тауыса алмас жырласа да неше ақын,
Батырлар бар атын әнге қосатын.
Туған жері ту көтеріп тұлғасын,
Үрмашына беріп жатыр көше атын!

Бақытбек Смағұл,
Парламент Мәжілісінің депутаты
07 мамыр 2022 ж. 989 0

Толымды тарту

04 қараша 2025 ж. 124

Мәңгілік мұраның мекені

04 қараша 2025 ж. 104

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12
3456789
10111213141516
17181920212223
24252627282930