Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Шекара ел қорғаны

Шекара ел қорғаны

Ел жолында қасық қаны қалғанша шайқасып, сайын дала төсінде қалыптасқан атамекеннің әрбір сынық сүйем жерін кеудесімен қорғаған қаһарман хандарды, қол бастаған сардарлар мен батыр бабаларды, елдің ынтымағын даналығымен ұйытып ұстаған би-шешендерді үзбей насихаттау – өскелең ұрпақты тәрбиелеу құралы болып табылады. Сыр өңірі, соның ішінде Қазалы ауданы тарих тағылымы арқылы қазақстандықтардың, әсіресе, жастардың рухани өркендеуіне зор үлес қосып келеді.
Тарих қатпарына көз жүгіртсек, 1992 жылдың 18 тамызында КСРО-ның Шығыс шекаралық округінің базасында Қазақстан Республикасының шекара әскері құрылды. Содан бері қазақстандық шекарашылар ел тыныштығы мен қауіпсіздігін көзден таса жібермей күн-түн күзетіп келеді.
Осындай аудан аумағындағы №2019 «Қызылқұм» шекара заставасы 1999 жылы құрылған. Аудан орталығынан шамамен 220 шақырым, Қызылқұм ауылдық округінің орталығы Кәукей ауылынан 130 шақырым қашықтықта орналасқан. Әскери сарбаздар мемлекеттік шекараның Өзбекстан Республикасымен белгіленген аумағын бақылауда ұстайды. Елдің тұтастығын нығайту мақсатында шекарашыларға Өзбекстанмен арадағы саяси-экономикалық мүдделерді қорғау, заңсыз көшіп-қонудың алдын алу, Қазақстанның аумағына қару-жарақ, оқ-дәрілер, есірткі, радиоактивті заттарды заңсыз кіргізбеу тәрізді міндеттер жүктелген. Сонымен қатар мемлекеттік органдар мен тұрғындардың көмегіне жүгіне отырып жұмысты оңтайлы ұйымдастыру межеленген.
Шекара заставасында келісімшарт негізінде уақытша мерзімді әскерилер қызмет жасайды. «Қызылқұм» шекара заставасына берілген аумақ 191,65 шақырымды құрайды. Шекара бөліміне жауынгерлік ту табысталған. Өзбекстан мен Қазақстан шекарасына межелеу жұмыстары жүргізіліп, 58 шекара белгісі орнатылған. Шекара заставасынан әрі қарай шамамен 45 шақырым қашықтықта Жанқожа батырдың мүрдесі жерленген мазары бар. Жанқожа батырдың жатқан жері 1940 жылдары КСРО-ның әкімшілік картасына негіз болған. Яғни Қазақстан мен Өзбекстанның шекарасы ретінде белгіленген. Бірі білсе, бірі білмес дерек негізінде шекара сызығы дәл Жанқожа батыр жатқан биік төбені қиып өтеді. Жанқожа баба ұрпағына «мені Қоқанмен шекараға қойыңдар, жай жатқанша аяғыммен тіреп жатайын» деп аманаттағаны туралы тарихта дерек бар. Құдды көзінің тірісінде-ақ аңызға айналған әз батыр кейінгі ұрпаққа ата қонысты қадірлеп, кірпік қақпай күзетуді мирастағандай. Қазір осы Қызылқұм беткейіндегі №2019 шекара бекетінің сарбаздары ел шебін көздің қарашығындай қорғап тұр.
Осыдан бес жыл бұрын шекараның бұрынғы атауы өзгертілген болатын. Бұл күні Қызылқұм ауылдық округі аумағында орналасқан «Қызылқұм» шекара заставасы халық батыры Жанқожа Нұрмұхамедұлының есімімен аталады. Негізінен Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Шекара қызметі №2019 әскери бөлімі аумағында Жанқожа Нұрмұхамедұлына орнатылған биіктігі 2 метр болатын ескерткіш-белгі мен штаб ғимаратында батыр бабаға арнап жабдықталған арнайы бөлме ашылған.
Азаттық жолында басын бәйгеге тігіп, ел қорғаны болған халық батыры, Қоқан мен Хиуа хандығының шапқыншылығына, батыста Ресей патшалығының отарлау саясатына қарсы күрескен қаһарман қолбасшы, елжандылық қасиетімен, көреген әулиелігімен ұрпақтар жүрегінде мәңгі сақталған тұлға. Елім деп еңіреген, бар саналы ғұмырының жетпіс жылын жаулармен жағаласып өткізген ержүрек хас батырлардың бірі – көзінің тірісінде-ақ аты аңызға айналған. Жанқожа баба 1774 жылы қазіргі Қазалы ауданы, Арықбалық ауылдық округінің жерінде дүниеге келген.
Аты ел шебіндегі «Қызылқұм» шекара заставасына берілген батыр баба тағылымы мәңгілік. Оның өнегелі ғұмыры жас жауынгерлерді әрдайым өрлік пен ерлікке шақырары сөзсіз. Осындай көзсіз өжеттіліктен Отан қорғаушыларымыз, жалпы бүгінгі ұрпақ үлгі алса, келешекте ұлт тарихына құрметпен қарап, шекара шебін мықтап қымтай түсері анық.

Айнұр ҚАЗМАҒАМБЕТОВА
07 мамыр 2022 ж. 1 035 0

Ісі ілгерілеген өндіріс

23 қараша 2024 ж. 60

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930