Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Референдум алдында алаяқтықтың жаңа түрі пайда болды

Референдум алдында алаяқтықтың жаңа түрі пайда болды

Алаяқтар азаматтарды алдайтын хабарламалар таратып жатыр.    
Фото: pexels.com
Жалған ақпаратқа қарсы іс-қимыл орталығы референдум алдында алаяқтықтың жаңа түрі пайда болғанын мәлімдеді, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
Жалған ақпаратқа қарсы іс-қимыл орталығына азаматтарға қоңырау шалып, алдағы референдумда "бюллетеньді тіркеу" үшін SMS-кодты хабарлауды сұрайтын алаяқтық топтардың әрекеті туралы ақпарат түсіп жатыр. Сонымен қатар, кейбір мессенджерлерде өздерін "онлайн-дауыс беруді ұйымдастырушымыз" деп таныстырып, Конституция жобасы бойынша референдумға қатысушыларды "тіркеуден өткіземіз" деп азаматтарды алдайтын хабарламалар таралуда.
Жалған ақпаратқа қарсы іс-қимыл орталығы дауыс беру және оған қатысты рәсімдер азаматтарға телефон арқылы қоңырау шалуды немесе SMS-кодтарды сұратуды көздемейтіндігін ескертеді. Референдумда дауыс беру тек тиісті учаскелерде, қағаз бюллетеньді пайдалану арқылы жүзеге асырылады.
Орталық азаматтарды белгісіз тұлғаларға дербес деректерін бермеуге және тек Орталық, аумақтық немесе учаскелік сайлау комиссияларының ресми ақпараттық хабарламаларына ғана сенуге шақырады.
Айта кету керек, жаңа Конституциясының жобасына қатысты республикалық референдум 15 наурызда өтеді.
13 наурыз 2026 ж. 261 0

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Тамыз 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12
3456789
10111213141516
17181920212223
24252627282930
31