Референдум: Қызылордадағы 109 Call-орталығына 400-ге жуық қоңырау түскен
Фото: Қызылордадағы 109 Call-орталығыРеспубликалық референдумға 2 күн қалды. Маңызды науқан кезінде «Жедел әрекет ету орталығы» КММ-нің 109 бірыңғай байланыс қызметі 24/7 жұмыс жасауда.
2 ауысыммен жұмыс істейтін диспетчерлер 400-ге жуық қоңырауға жауап берді.
-Бізге келіп жеткен сауалдардың басым бөлігі – азаматтардың өз учаскесін анықтауы және тізімде жоқ азаматтардың дауыс берушілерді уақытша тіркеу мәселелеріне қатысты. Дауыс берушілер тізімінде мүлдем жоқ және тіркелмеген азаматтар үшін 5 онлайн учаске жұмыс істейтінін қаперге саламыз. Себебі кешкі 20.00-ге дейін азаматтар дауыс беруге құқылы.
Біз әрбір қоңырау үшін жауаптымыз. Себебі саяси науқанда әрбір азаматтың дауысы маңызды,-дейді мекеме директоры Бағлан Терлікбаев.
Референдум: Қызылордадағы 109 Call-орталығына 400-ге жуық қоңырау түскен
Сондай-ақ, азаматтардың дауыс беруіне қолайлы жағдай үшін Қызылорда облысының әкімдігі арнайы сервистерді жүзеге асырды.
https://referendum.orda.gov.kz сайты тұрғындар үшін үздіксіз жұмыс жүргізуде. Мұнда азаматтар сайтқа кіру арқылы өз учаскесін анықтап, референдум комиссиясының мекен-жайы, байланыс деректері және комиссия мүшелерінің құрамы туралы ақпаратты біледі. Сондай-ақ, әрбір азамат яндекс карта арқылы өз учаскесіне баратын жолдың сызбасын және такси құнын да көре алады.
Бүгінгі күнге дейін сайтты 30 мыңнан аса тұрғын қолданған.
Бұл қызметтер «Smart Qyzylorda» мобильді қосымшасында және телеграм https://t.me/referendumKzo_bot желісінде бар.














