Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Заманауи жабдық, тәжірибелі маман

Заманауи жабдық, тәжірибелі маман

Аурухананың қабылдау бөлімі тәулік бойы жұмыс істеп, шұғыл және жоспарлы түрде келетін пациенттерді қабылдайды. Мұнда науқастар арнайы КМИС бағдарламасы арқылы тіркеліп, «Триаж» жүйесі бойынша медициналық іріктеуден өтеді. Бұл жүйе шұғыл көмекке мұқтаж пациенттерге басымдық беріп, медициналық қызметтің тиімді әрі жедел көрсетілуіне мүмкіндік береді.

Аурухананың алдыңғы шебі
Қабылдау бөлімі – аурухананың негізгі құрылымдық бөлімшелерінің бірі. Мұнда медициналық көмекке жүгінген азаматтар тіркеліп, жағдайына қарай стационарға жатқызылады немесе шұғыл медициналық көмек көрсетіледі. Бөлімде тәжірибелі дәрігерлер мен медбикелер қызмет етіп, заманауи медициналық құрал-жабдықтармен жабдықталған. Оның басты міндеті – медициналық көмекке жүгінген азаматтарды қабылдау, стационарлық емдеуге жатқызу және ауруханаға жатқызуды қажет етпейтін науқастарға шұғыл медициналық көмек көрсету болып табылады.
Аталмыш бөлім әрқашан аурухананың «алдыңғы шебінде» қызмет етеді. Сондықтан бөлім қызметкерлерінің алдында медициналық көмектің сапасын арттыру, пациенттерге жедел әрі тиімді қызмет көрсету міндеті тұр. Бөлім аурухананың бірінші қабатында орналасқан және пациенттерді қабылдауға қолайлы жағдаймен қамтамасыз етілген.
Бөлімнің жауапты дәрігері – Ислам Әбиболла, резидент хирург. Ол қабылдау бөлімінің медициналық қызметін үйлестіріп, науқастарға көрсетілетін көмектің сапалы әрі уақытылы болуын қадағалайды.
Қабылдау бөлімінің тәжірибелі мамандарының бірі – Рәш Алмағамбетова, қабылдау бөлімінің жауапты мейіргері. Ол 1986 жылы Түркістан медициналық училищесін «Жалпы мейірбике ісі» мамандығы бойынша үздік тәмамдаған. Қазіргі таңда 40 жылдық еңбек өтілі бар, I санатты тәжірибелі маман.
Қабылдау бөлімінде білікті медициналық қызметкерлер жұмыс істейді. Атап айтқанда, I санатты – 2 медбике, ауысымдағы кезекші мейіргер – 4, 5 санитар, 1 күзет қызметкері бар.
Бөлім өз қызметін Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің стационарлық көмек көрсететін медициналық ұйымдардың қабылдау бөлімшелерінің қызметін ұйымдастыру жөніндегі нұсқаулықты бекіту туралы бұйрығына сәйкес жүзеге асырады.

Бөлімнің құрылымы

Қабылдау бөлімшесінің құрамына бірнеше негізгі қызметтік аймақ кіреді. Олар: тіркеу бекеттері (тіркеу бөлімі – диспетчерлік бөлім), науқастарды бақылау бекеті, диагностикалық кабинет, шағын хирургиялық операциялар мен хирургиялық өңдеулер жүргізуге арналған арнайы бөлме, балаларға арналған қабылдау бөлмесі, жоспарлы қабылдау бөлмесі, жедел жәрдем көрсету бөлмесі.
Қабылдау бөлімі заманауи медициналық құрал-жабдықтармен қамтамасыз етілген. Нақтылағанда, бой өлшегіші бар электронды таразы, электрлік сорғыш аппарат, оттегі цистернасы, небулайзер аппараты, «Амбу» қауіпсіздік жастығы, импульстік оксиметр, электрокардиография аппараты, дефибриллятор аппараты, портативті ультрадыбыстық зерттеу аппараты.
Сонымен қатар қабылдау бөлімінде ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің №452 бұйрығына сәйкес шұғыл жағдайларда қолданылатын дәрілік заттар мен медициналық бұйымдардың арнайы жиынтығы бар. Яғни анафилактикалық шок кезінде шұғыл медициналық көмек көрсетуге арналған дәрілік заттар мен құралдар, ауыр преэклампсия және эклампсия кезінде қолданылатын медициналық бұйымдар, акушерлік қан кету жағдайында қолданылатын дәрілік заттар жиынтығы.
Осылайша қабылдау бөлімі қажетті құрылғылармен толық қамтамасыз етілген және тәулік бойы науқастарға жедел әрі сапалы медициналық көмек көрсетуге бағытталған.

Жылдам көмек пен жүйелі қабылдау

Бөлімде пациенттер арнайы КМИС ақпараттық жүйесі арқылы компьютерлік тіркеуден өткізіледі. Тиімді жүйе науқастар туралы мәліметтерді жедел тіркеуге және медициналық қызметтің сапалы жүргізілуіне мүмкіндік береді.
Қабылдау бөлімінде инфекциялық немесе аса қауіпті ауруларға күдік туындаған жағдайда науқастарды оқшаулау үшін арнайы изолятор қарастырылған. Изолятор негізгі ғимараттан бөлек кіреберіспен, душ және дәретхана бөлмелерімен толық жабдықталған. Бұл басқа пациенттердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін жасалған.
Сонымен қатар бөлімде санитарлық тазалау бөлмесі жұмыс істейді. Ауруханаға түскен әрбір науқас жеке гигиена талаптарына сәйкес тексеріледі. Қажет болған жағдайда педикулезге тексеру жүргізіліп, душ немесе ванна қабылдау ұйымдастырылады. Бөлімде орталық жылыту жүйесі мен суық және ыстық су тұрақты түрде қамтамасыз етілген.
Қабылдау бөлімінің жанында жедел жәрдем қызметі орналасқан. Жедел жәрдем бригадасының құрамына 2 фельдшер және 2 көлік жүргізуші кіреді. Барлық шақыртулар арнайы «Көмек» бағдарламасы арқылы қабылданып, тіркеледі.
Шұғыл медициналық көмекке мұқтаж науқастар таңғы 8:00-ден 20:00-ге дейін шақыртулар қабылданады. Ал жоспарлы түрде емделуге келетін пациенттер жұмыс уақыты кезінде қабылданады. Жедел жәрдем бригадасы науқасты қабылдау бөліміне жеткізгеннен кейін медбике пациенттерді «Триаж» жүйесі бойынша медициналық іріктеуден өткізеді. Осы жүйе арқылы науқастардың жағдайы жедел бағаланып, шұғыл көмекке мұқтаж адамдарға басымдық беріледі.
Науқастың жағдайын бағалау уақыты 60 секундтан аспайды. Бағалау нәтижесінде пациенттер арнайы түсті белгілермен белгіленеді. Триаж жүйесі бойынша науқастар шартты түрде үш топқа бөлінеді:
Бірінші топ – жасыл аймақ. Аталған топқа медициналық шұғыл көмекті қажет етпейтін және амбулаториялық емдеуге жіберілетін немесе жоспарлы түрде емделуге бағытталатын пациенттер жатады.
Екінші топ – сары аймақ. Мұндай топтағы пациенттер қабылдау бөлімінде бақылауда болады. Олар шұғыл медициналық көмекті қажет етпейді, алайда диагнозды нақтылау немесе бірнеше сағат бақылау үшін қабылдау бөлімінде қалдырылады.
Үшінші топ – қызыл аймақ. Бұл топқа өміріне қауіп төнген, жедел әрі шұғыл медициналық көмек қажет ететін ауыр науқастар жатады. Оларға дереу алғашқы медициналық көмек көрсетіліп, жағдайы тұрақтандырылғаннан кейін тиісті мамандандырылған бөлімшеге жеткізіледі.

Жеделдік пен жауапкершілік

Триаж нәтижесіне сәйкес науқас қабылдау бөлімінің тиісті бөлмесіне медициналық тексеруден өту үшін жіберіледі. Ауыр жағдайдағы пациенттер қызыл аймаққа орналастырылып, алғашқы көмек көрсетілгеннен кейін стационарлық бөлімшеге ауыстырылады.
Пациент стационарға емделуге жатқызылған жағдайда медбике Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің №175/2020 бұйрығына сәйкес 001/е нысаны бойынша стационарлық науқастың медициналық картасын толтырады және пациентті тиісті бөлімшеге жеткізеді. Егер пациентті стационарға жатқызуға көрсетілімдер болмаса, қабылдау бөлімінің дәрігері тексеру нәтижелері мен консультациялық-диагностикалық зерттеулердің қорытындысын береді. Әрі қарай медициналық-санитариялық алғашқы көмек ұйымында ем алу жөнінде ұсыныстар береді.
Сонымен қатар медбике науқас туралы мәліметті МСАК ұйымының ақпараттық жүйесіне жібереді. ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің №175/2020 бұйрығымен бекітілген №110-1/е нысаны бойынша учаскелік дәрігерге арналған хабарламаны толтырады.
Диагноз қойылғаннан кейін науқастың бойы мен салмағы өлшеніп, тиісті бөлімшеге жеткізіледі. Ауруханада ем алып жатқан пациенттермен кездесу уақыты белгіленген тәртіп бойынша жүргізіледі. Атап айтқанда, 11:00 – 13:00 кездесу уақыты, 15:00 – 17:00 түскі үзіліс, 17:00 – 19:00 кездесу уақыты.
Аурухананың барлық бөлімшелері ішкі және сыртқы телефон байланысымен, сондай-ақ тікелей байланыс жүйесімен қамтамасыз етілген. Жедел түрде жеткізілген пациенттер арнайы лифт арқылы аурухананың 2 және 3-қабаттарындағы бөлімшелерге тасымалданады. Қабылдау бөлімі пациенттерге сапалы әрі жедел медициналық көмек көрсетуге бағытталған заманауи талаптарға сай жұмыс жүргізеді.

Айнұр ҚАЗМАҒАМБЕТОВА
14 наурыз 2026 ж. 22 0

Бақытын тапқан өнерден

14 наурыз 2026 ж. 25

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Наурыз 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031