Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Береке мен бауырмалдықтың бастауы

Береке мен бауырмалдықтың бастауы

Көктемнің де, көңілдің де тоңын жібітіп, баршамызды қуанышқа бөлейтін амал мерекесі келіп жетті. Бір жылды артқа тастап, жаңа жылдың жаршысындай болып келген күнді – Наурыз мерекесінің кіріспесі десек те болатындай.
Наурызнаманың алғашқы күнінің дәл осы керемет салтқа арналуы бекер емес. Бұл күнді халық арасында Амал мерекесі деп те атайды. Көрісу күні – тек адамдардың амандығын сұрау емес, сонымен қатар жүректерді жақындастыратын, отбасы мен туыстық байланыстарды нығайтатын ерекше сәт.
Бұл күні жасы кіші адам үлкен кісінің үйіне барып, көрісіп шығады. Бұрынғы дәстүр бойынша, осы күні кем дегенде үш үйге бас сұғып, амандық сұрау керек деген ырым бар. Қазақ халқы ең алдымен құдайы көршісіне кіріп-шығуды жөн санаған.
Амал күні таң атысымен-ақ халқымыз дастарқанын күндегісінен даралап, бар дәмдісін тосып, құт әкелер қонағын күтеді. Үй иелері ең таңдаулы тағамдарын шығарып, мерекелік дастархан жайып, келген қонаққа ізгілік тілейді. Бозбалалар мен бойжеткендер үй-үйді аралап, үлкендеріне көрісіп, батасын алады. Ағайын бір-біріне «жасың құтты болсын», «бір жасыңмен» деп ақжарма тілектерін арнап жатады. Игі дәстүр адамның жаны мен жүрегін жылытып, мейірімділік сезімін оятады.
Көрісу дәстүрі еліміздің батыс аймағынан бөлек, Ресейдің Саратов, Астрахан облыстары мен Қарақалпақстан қазақтары арасында да кең тараған. Тіпті кейбір түркітілдес бауырларымыз да Наурыздың басы ретінде Амал мерекесін атап, ақ жүрекпен бір-біріне жақсылық тілеуді жалғастыруда.
Көрісу күнінің келуімен табиғат та қайта түлейді. Ақ қар еріп, жерден жасыл шөп шығып, күн жылынып, құстар ән салып, әлем жаңарады. Тіршілігін табиғатпен тамырластырған халқымыз үшін бұл күн ерекше мәнге ие. Адам да, жер де жаңарып, көңіл де сергіп, пейіл кеңи түседі. Адамдардың жүрегі жылынып, бір-біріне ізгі ниетпен қарауы – табиғаттағы жаңарудың адам өміріндегі көрінісі іспеттес. Бірлік мен татулықты ту еткен бұл мереке халқымыздың бауырмалдық қасиетінің көрінісін де байқатады. Ендеше баршаңызға «Бір жастарыңызбен!» дегіміз келеді.
А. ҚУАНТҚАНҚЫЗЫ
Фотоиллюстрация: Gemini
14 наурыз 2026 ж. 21 0

Бақытын тапқан өнерден

14 наурыз 2026 ж. 20

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Наурыз 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031